вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

Қызылорда облысында жұмыссыздық азаюда

Облысымызда 2018 жылдың басында 97538 толыққанды жұмыспен қамтылмаған және жұмыссыз азаматтар бар екендігі анықталды. Бұлар – өздерін зейнетақы төлемдерін, медициналық қызметтер мен әлеуметтік сақтандыруды алу мүмкіндіктерінен айырып отырған тәуекел тобындағы азаматтар. Сондықтан мемлекет осындай азаматтарды еңбек нарығына қажетті мамандарға оқыту арқылы жұмыссыздықты азайтуды көздеп отыр.

Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 6 айында 7000-нан астам адам жаңа жұмыс орындарына орналасқан. 20400-ден астам адам нәтижелі жұмыспен қамтылып,  20000-ға жуық азаматтың қызметі заңдастырылып отыр. Олардың 17000-ға жуығы жұмыс берушілермен еңбек келісім-шарттарын жасасты және 3000-нан астам адам мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз кәсіптерін бастады.

Соның нәтижесінде, жыл басынан бері өнімсіз жұмыспен қамтылған және жұмыссыз ретінде тіркелмеген адам санын 27 мыңнан астамға азайтуға қол жеткізілді. Бұл көрсеткішті 70 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

Жұмыссыздықты азайту үшін шағын және орта бизнесті дамыту үлкен рөл атқарады. Ол – әлеуметтік аз қорғалған адамдардың санын азайтудың өте тиімді тәсілі.

Облыс әкімдігінің, мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы филиалының, Қоғамдық кеңестің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018 жыл облысымызда «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Кешенді «Жол картасы» әзірленіп, нәтижесінде ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлу көзделуде.

Айта кету керек, қажетті қабылданған шаралардың алғашқы нәтижелері байқалып, ағымдағы жылы облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер 11%-ке көбейіп отыр.  Аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: