суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Қызылордада Астана қаласының мәдени күндері өтуде

Қызылордада Астананың мәдени күндері аясында Елорданың тарихына қатысты көрме, қуыршақ театрының қойылымы және гала-концерт ұйымдастырылды.

Қызылорда облысына Астананың өнер қайраткерлерінен құралған делегация келді. Елорданың мәдени күндері аясында «Мәңгілік бала бейне»  атты қуыршақ театрының қойылымы, «Ақ тілекпен Астана!» көрмесі және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев астаналық қонақтарды 20 жылдық мерейтоймен құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі.

«Бүгінде Астана ең қысқа мерзімде салынып, әлемді сүйсінткен, жаһандық сәулет өнеріндегі бірден-бір қайталанбас «Ғасыр жобасына» айналып отыр. Биыл Астана қаласының 20 жылдық мерекесі болса, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы. Қазақстанның алғашқы астанасы мен бүгінгі Астанасының арасындағы осы бір байланыс көп нәрсені аңғартса керек. Астананың 20 жылдық мерейтойына облыстан сый ретінде зымыран - ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясының құрылысы Елбасының қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Байқоңыр ғарыш айлағы – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың мақтанышына айналған тарихи кешен», — деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, биылғы жылы Сырдарияның сол жағалауында Астана іспетті жаңа қала салынуда, оның ішінде 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын беру туралы тарихи шешім қабылданған бұрынғы ҚазОАК ғимаратының сызбасына сәйкес қайта жаңғыртылып жатқан «Рухани жаңғыру» орталығы салынды.

Астана делегациясы Қызылорда облысына жасаған сапар барысында аймақтың тарихи, мәдени, әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарын аралап көрді. Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалдық кешені, Мемлекеттік рәміздер  аллеясы, сол жағалаудағы «Рухани жаңғыру» орталығы, Кәсіпкерлер палатасы, IТ паркі және т.б көрнекі орындарымен танысты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: