пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Жастар өз әлеуетіне сенулері керек

Оралда «Бизнес молодость» жастар жобасы ұйымдастырылмақшы. Бұл туралы Оралда өткен «Жастар – Отанға!» атты жастар саяси лагері кезінде «Likemart.kz» ЖШС-ның негізін қалаушы Хан Әзілxанов айтты. Жуырда Мәскеуде дәл осындай атаумен өткен жобаға қатысып, өз идеясын ұсынып, бірінші орынды жеңіп алған оның жобаларына көпшілік қызығушылық танытты.

«Likemart.kz»  жобасы бойынша біз азық-түлікті тұтынушының үйіне дейін жеткізіп береміз. Яғни дүкенге өздері келе алмайтын жандар біздің көмегімізге жүгіне алады. Ал «Biliktilik.kz» жобасы бойынша оқушылар мен студенттерге курстық жұмыстарын, реферат, шығарма жазуға көмектесеміз», — деді ол. 

29 тамыз – 2 қыркүйек аралығында өткен бұл лагерде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының белсенді жастары басқосқан еді. Лагердің ашылу салтанатына қатысқан танымал саясаткер Досмұхамбет Көшім жастарды саяси сауатты, әрі белсенді болуға шақырды.

«Ағылшын жазушысы Киплингтің пайымдауынша, кез келген жан «не, қайда, қашан, неге олай болды?» деген сұрақтарды қоя білуі керек. Сол себепті біздің жастарымыз қоғамдық мәселелерге байланысты осындай сауалдарға жауап іздеп, өздерін осы бағытта дамытулары тиіс», — деді Досмұхамбет Көшім.

Бүгінгі мемлекеттік жастар саясаттың жүзеге асу барысын баяндаған БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов кешегі кеңес заманындағы жастар мен қазіргі жас ұрпақтың  айырмашылығы жөніндегі ой-пікірін білдірді.

«2013-2017 жылдар аралығында республикалық жастар комитетінің төрағасы болдым. Сол себепті еліміздегі жастар мәселесінен хабардармын. Иә, мемлекет тарапынан жастарға қажет жағдай жасалуы керек, тек масылдық туғызбауы тиіс. Яғни тек мемлекетке иек артып, өз әлеуетіне сенбеу орын алмағаны дұрыс. Кешегі кеңес заманында жоспарлы саясат деген болды. Онда бәрі жоспарға енгізілетін. Бүгінгі нарық заманында сұранысқа  байланысты әрекет керек. Нарық заңдылығы бойынша әрбір адам өз білімі мен біліктілігі арқылы болашаққа жол салады. Мемлекет тек қажет жағдайды жасауы керек. Өйткені кез келген елдің экономикасы тұрғындардың барлығына бірдей үй салып, жағдай жасап, жұмыс тауып бере алмайды. Яғни кім жақсы білім алса, жақсы еңбек етсе, оның тұрмысы да жақсы бо-
лады. Бүгінгі жастар осы жайттарды ескерулері керек», — деді Ғабидолла Абдоллаұлы.

Шара барысында тренингтер, семинарлар, спорттық, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0