суббота, 30 ноября 2024 г.
icon
511.22
icon
540.05
icon
4.73
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-14oC
×

Оралдық жастар қоршаған ортаны таза ұстау бағытында игі істер жасауда

Оралдық жастардың «Uralskrunners» белсенді тобы дәл осындай қағиданы ту етіп,  салауатты өмір салты мен қоршаған ортаны таза ұстау бағытында игі істі қолға алды.

Жасақталғанына төрт ай болған «Uralskrunners» белсенді тобы жүгірумен айналыса жүріп, ала жаздан бері Орал қаласы маңындағы жағажайларда сенбілік ұйымдастырып жүр.

Жаз шыға құрылған жүгірушілер тобы аз уақыттың ішінде қатарына көптеген адамды тартып үлгерді. Жастар жүгіріп келгеннен кейін тұлғалық қалыптасу туралы тренингтер ұйымдастырып, денсаулықтарын шыңдау мақсатында денелеріне салқын су құяды. Сондай-ақ олар респулика көлемінде, сонымен қатар көршілерс Ресейде өтетін спорттық марафондарға да қатысады.

«Жағажайларда сенбілік ұйымдастыру идеясын көтерген жас спортшы, хоккейші Самат Аманшин болатын. Ол қала маңындағы өзендердің жағажайларында тұрмыстық қалдықтар көп жатқанын айтып жүрді. Бірде «менің шыдамым таусылды, егер маған ілессеңдер ертең өзен жағалауына сенбілік жасаймыз» деді. Міне, біздің шарамыз осылай басталып кетті. Алғашқы сенбілікке 7-8 адам қатысты. Сол жолы қырық қапшықтай қалдық заттар мен 400-дей шөлмек жинадық. Келесі сенбілігімізге жиырма шақты жас жиылды. Сөйтіп, бұл жолы жағажай алпыс қапшық қалдық зат пен 700-дей шөлмектен тазарып қалды. Соңғы кезде бұл қалдық зат пен шөлмектердің көлемі артты. Біз, жастар осы акция арқылы өзіміз үшін ғана емес, өзгелер үшін де жауапкершілік арқалай алатынымызды көрсеткіміз келеді», — деген жас кәсіпкер Асхат Рамазанов салауатты өмір салты мен қоршаған орта тазалығын сөз жүзінде ғана емес, іспен де насихаттап жүргендерін жеткізді.

«Uralskrunners» тобының мүшелері әлі де өзен-көлдердің айналасында қалдық аз еместігін айтады. Сол себепті бұл бағыттағы іс-шара қоңыр күзге дейін жалғасады.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0