суббота, 30 ноября 2024 г.
icon
513
icon
541.16
icon
4.69
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
-12oC
×

Атырауда «Бабалар ізімен» халықаралық жобасын жүзеге асыру жоспарлануда

Аталған бастама Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағыты бойынша жүзеге асады.

Патриоттық авто-мотошеру бастамасын «Wheels Brothers MC Atyrau» мотоклубының президенті Олег Шмаль 23 тамыз күні Елбасының Атырау облысына қызметтік іс-сапары барысындағы кездесу кезінде мәлімдеді.

Жоба мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның рухани байлығы, қазіргі заманғы дамуы мен мәдени-этникалық бірлігін насихаттау.

«Біз жаңа Жібек жолының Қытайдан Батыс Еуропаға дейін, Сары теңізден Солтүстік теңізге дейінгі ең ұзақ бағытын қамтуды жоспарлап отырмыз. Жолымыз 12 мың шақырымды құрайды. Әрине, ауқымдылығы қаражатқа байланысты, сондықтан серіктестік пен демеушіліктен бас тартпаймыз. Бұл авто-мотошеру одаққа мүше елдер арасында алғаш рет өткізіледі. Сондықтан, біз қатысушылар жинап, көлікті жабдықтап, тыңғылықты дайындалғымыз келеді. Тек, бұл жобамыз келесі жылы жүзеге асады. Нақты уақытын қазір айта алмаймын. Қатысушыларға қойылатын талаптарға келетін болсақ, олар: физикалық тұрғыдан күшті болу, экстремалды мототуризмге деген қызығушылық, өз елін сүю және ол туралы жақсы білу және толық байланыс үшін кем дегенде бір шет тілін білу жеткілікті», — дейді Олег Шмаль.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0