четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
499.51
icon
525.83
icon
4.62
Алматы:
icon
6oC
Астана:
icon
-6oC
×

Биыл Арал ауданында өңдеу өнеркәсібінде 6271,2 млн теңгенің өнімі өндірілді

Өнеркәсіп өнімдерінің  көлемі негізінен «Аралтұз» АҚ-на және «Қамқор локомотив» ЖШС-нің үлесінде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

Сондай-ақ, ауданда осы жылы 10958 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

«Сонымен қатар, Қамбаш  көлінің  жағасында  туризмді  дамыту шаралары  жалғасын  табуда. Биыл  қосымша 10  демалыс  үйінің  құрылысы  салынып,  жаз маусымында жағалауда 31 кәсіпкер 104  нысанда халыққа  қызмет  көрсетті. Көл жағасында 82,5 мың адам тынығып, демалды», — деді М. Оразбаев.   

Оның айтуы бойынша, ауданда жылдық қуаттылығы 18900 мың тоннадан астам 8 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Жыл  басынан  бері  ауданда 2274 мың тонна балық  өңделіп, экспортқа 1456,197 тонна балық өнімдері шығарылды.

«Сонымен бірге, Аралдың құрылыс саласында барлығы 10 жобаны іске  асыруға 4,5 млрд. теңге қаржы қаралды. Соның ішінде, Арал қаласындағы №14 мектептің қосымша құрылысы, 150 орындық аудандық орталық аурухананың, 2 қабатты әкімшілік ғимараты жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», — атап өтті ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: