четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
499.51
icon
525.83
icon
4.62
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-5oC
×

Ауыл жастары тегін ағылшын курстарында оқуда

Ақ Жайық өңірінде «English for jastar» жобасы бастау алды. Аталмыш жоба ауыл жастарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік жасамақшы.

Басты мақсат-Қазақстан аймақтарында шет тілін үйренуге деген талпыныстың төмендігін жою және ағылшын тілін меңгеруді қол жетімді ету.

«English for jastar»  жобасының БҚО кординаторы Ерлік Шамғалиевтің айтуынша, жоба ең алдымен  облыстың Ақжайық, Теректі, Сырым, Бөрлі, Зеленов және Тасқала аудандарында пилотты түрде жүзеге асады. Әр ауданға М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Ж.Досмұхамедов  атындағы педагогикалық колледжінің 12 ерікті студенті бөлінді. Олар жергілікті мектептер мен коворкинг орталықтарында сабақтан тыс уақытта жастарға, жоғары сынып сынып оқушыларына арнайы бағдарламалар бойынша шетел университетінен шығарылған кітаптармен сабақ жүргізетін болады. Аталмыш жоба 20 қарашаға дейін жалғаспақшы.

Жобаны іске асыру үшін арнайы еріктілер тобын жасақталды.  Олардың ішінде екі шетел азаматы бар. Олардың бірі Тасқалаға, екіншісі Сырым ауданына  жолданды.

Осы жобаға байланысты Тасқала ауданына келген мәртебелі меймандары қабылдаған аудан әкімі Алдияр Халелов ауданда жүзден астам жас ағылшын курсына қатысуға ниет білідіріп отырғандарын айтты. 

«Мен Бөрлі ауданы орталығындағы №4 орта мектебінде ақсайлық жастарды шет тіліне оқытуды интерактивті форматта жүзеге асыруды бастап жатырмын. Жастардың ағылынша оқуға ынтасы зор. Жоба қатысып жатқаныма қуаныштымын. Бұл маған тәжірибе жинауға, өзімнің жаңа қырларымды ашуға көмектеседі деп ойлаймын», — дейді Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің  шет тілі мамандығының  4-курс студенті Жайна Әбдірахманова.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0