четверг, 28 ноября 2024 г.
icon
499.51
icon
525.83
icon
4.62
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
-3oC
×

Өлкетану: Павлодарлық оқушылар Атырауды аралауда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» акциясы аясында павлодарлық 65 оқушы мен жеті мұғалім мұнайлы өлке тарихымен танысып, тарихи орындарды аралады.

Бекіре балық өсіру зауытынан басталған экскурсияда балалар зауыт тарихымен, оның қазіргі жұмысымен танысты. Жайықтың үстінде катермен серуендеп, әсем ғимараттарды тамашалады.

Өлке тарихын танудың бірден-бір жолы – музейлерге саяхат. Бұл ретте балғындар облыстық тарихи-өлкетану, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейлерінде болып, экспозиция залдарындағы жәдігерлерге куә болды. Саяхаттың алғашқы күні «Тұлпар» тынығу лагеріндегі қызыққа толы күнмен аяқталды.

«Туристік сапар өте әсерлі өтті. Өйткені, балалар кітап, ғаламтор арқылы біліп, естіп жүрген Атырау жерін өз көздерімен көрді. Екі күнге созылған акцияда Индер ауданына жорық ұйымдастырылды. Саяхатшылар айтыскер ақын, жырау Мұрат Мөңкеұлы мен дәулескер ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының Қараойдағы мазарында болды. Бұл орында сахналық қойылым тамашаланып, ақын өлеңдері оқылды. «Жұмыр қылыш» күйі орындалды», – дейді «Қазақстан геологы» емдеу пансионаты директорының орынбасары Шолпан Оңайқызы.

Кішкентай туристер хан ордалы Сарайшыққа ат басын тіреп, ежелгі қала тарихына  бойлады. Облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағында  Мәңгілік алауға тағзым етті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0