суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

«Жүрек жылуы»: Қызылордада бір күнде 1000 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтті.

Осыған орай, қаладағы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті алдындағы алаңда ұйымдастырылған «Жүрек жылуы» акциясы аясында қаладағы 1000тұрмысы төмен отбасына20 млн.теңгенің азық-түлік өнімдері таратылды.

45 автокөлікке тиелген азық-түлік өнімдері арнайы бөлінген әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен, барлық отбасының үйлеріне жеткізіліп берілді.

Атап өту керек, Қызылорда қаласында бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді.

Мысалы,жыл басынан бері 2 мыңға жуық тұрмысы төмен отбасына15 млн. теңгеден астам қайырымдылық көмектері көрсетілген.

Сонымен қатар,қайырымды азаматтар мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Наурыз, Ораза айт, Құрбан айт мерекелерінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған                                                отбасыларға тұрақты көмек көрсетілуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: