пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
1oC
1xadv
×

Қызылордада электрондық балабақша жүйесі іске асырылуда

Бүгінгі таңда облыс орталығындағы балабақшаларда баланың бірнеше рет тіркелуін болдырмау мақсатында электронды жүйе енгізілді. Сондай-ақ, балабақшаға кезекке қою, құжаттарды тапсыру, балаларды қабылдау процестері автоматтандырылған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

«Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-анамен білім бөлімдері арасында тікелей байланысты азайтып, ата-аналарға үйінде отырып электронды түрде өтініш жасауға мүмкіндіктер туғызды. Жыл соңына дейін аудандарды да осы бағытқа көшіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде», — дейді М.Мелдебекова.

Сонымен қатар, балабақшалардың талапқа сәйкестігін, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын анықтау мақсатында құрылған жұмыс тобы облыс бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Жұмыс тобына тиісті құзырлы органдардан қызметкерлері тартылады. Бұл жұмыс тобы тұрақты түрде балабақшаларға, әсіресе жекеменшік балабақшалардың сапасына мониторинг жүргізетін болады.

«Әлі де болса мектептерде, балабақшаларда ата-аналардан заңсыз ақша жинау кездеседі. Жөндеуге, басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға деп заңсыз ақша жинау фактілерін түбегейлі жоюды білім саласындағы мекеме басшыларына қатаң ескертеміз. Ата-аналар ондай шығындарды төлеуге міндетті емес. Білім беру ұйымының шығыстарына бюджеттен қажетті көлемде қаражат бөлінуде», — деп толықтырды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: