вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-5oC
×

Ақ Жайық өңірінің жастары белсенді

Ақ Жайық өңірінде елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан Бөкей ордасы ауданының жастары белсенді. Облыс орталығынан 500 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан ауданда тұрса да олар түрлі жобаларды жүзеге асырып, тең құрбыларының алды болып жүр.

 Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы биылғы жартыжылдықтағы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша облыста 2-орыннан көрінуі сөзімізге дәлел болса керек. Соған орай олар облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың «Алғыс хат» алды.

«Жастар – қай қоғамның болмасын негізгі күші, бастамашыл тетігі. Жастары білімді, ұшқыр ойлы және өз елінің патриоттары болса, ол мемлекеттің де гүлденіп, өркендей түсері хақ. Ауданда жастар саясатын жүзеге асырып, жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсететін біздің орталық жұмысын өз деңгейінде атқарып келеді. Барлық ауылдық округте жастармен жұмыс жөніндегі мамандарымыз бар. Олар жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жөнінде түсініктер беру, жаңа бастамаларына қолдау көрсету, кәсіптік бағдар беру, еріктілердің корпусын дамыту, жастар арасындағы ахуалды зерделеу, ортақ мәселелер бойынша кездесулер мен дөңгелек үстелдер, жастардың жұмыспен қатылуын ұйымдастыру бағытында ауыл жастарымен тікелей жұмыс жасап келеді», — деді Бөкей ордасы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Исатай Құрмашев.

 Айта кетейік, ауданда «Дипломмен ауылға» жобасы негізінде 20 жас көтермеақы алса, 12 жас маман тұрғынүй сатып алуға құжаттарын өткізді. Жазғы маусымда «Жасыл ел» қатарында 40 бөкейлік өрен еңбек етсе, «Студенттік құрылыс және еңбек жасақтарының» сапында 14 жас болды. «Жастар тәжірибесінде» 58 жігіт пен қыз қатысты. Ал 21

 жас «Бизнес бастау» бойынша оқыды. Білімі жоқ жастарды қысқа және ұзақ мерзімді оқуларға жіберу бойынша 53 жан қамтылса, 23-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 35-і ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 55-і бос вакансиялық орындарға жұмысқа орналасты. 9 жас өз кәсібін ашуға несие алды.

Қазіргі таңда фейсбук, инстаграмм, вконтакте сынды әлеуметтік желілерде «Бөкей жастары» парақшалары ашылып, жастар саясатына қатысты іс-тәжірибелер, жоба-жоспарлар, өткен шаралар мен қызықты материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрады.

«Қойнауы  шежіре мен тарихқа толы жерімізде жастық жігердің қолтаңбасын қалдыру - әрбір жасампаз жүректің міндеті, — деді Исатай Құрмашев. — Бұл жолда Нарынның нарқасқа жастары аға буынның абыройлы аманатын арқалағанын жауапкершілікпен сезініп, аудан, облыс, еліміздің гүлденуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтындығына сенім мол».

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0