«Жастар бастамаларын қолдау бойынша әлеуметтік қызмет» жобасын түсіндіру мақсатында Ақ Жайық өңіріне Алматыдан «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің мүшелері келді.
Олар облыстың Зеленов, Теректі сынды бірқатар аудандарында болып, жастармен, мұғалімдермен, ата-анадармен кездесті.
«Жастарды әлеуметтендіру дегеніміз – шығармашылық, спорттық, әкери-патриоттық, зияткерлік, қоғамдық белсенділік, ұлттық құныдылықтарды тану, өз-өзін бағалау тұрғысынан жас толқынның болашақ тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Әрбір баланың дамуы – ең әуелі оның өз-өзіне деген сенімділігін арттырумен тікелей байланысты. Абай атамыз: «Жүректе оты жоқ адамда ми болмас» деді. Расында, жүректе оты бар бала кез келген қиындықты жеңіп шығады, биік асуларды бағындырады. Сол жүректегі от ұшқынын дарытатын – отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар қауымы. Жалпы ұстаздар қауымы балалардың өз-өздеріне деген сенімділіктерін арттыруда өте маңызды қызмет атқарады. Баланы көтермелеп, оның бойында жасырынып жатқан жақсы қырларын танып, соны дамыту арқылы үлкен тұлға қалыптастыруға болады. Атаулы жоба ең әуелі балалардың өз-өздеріне деген сенімін арттыруға көмектеседі», — деді «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкір.
Жиында сөз алған БҚО бойынша жоба менеджері Нұрлан Сәдір еліміздегі «NEET жастар» туралы мәлімет берді. «Біз қолға алған жоба алты бағыт арқылы жүзеге аспақ,-деді ол.- Осы бағыттар бойынша байқаулар ұйымдастырылып, үздіктерді анықтаймыз («Үздік спортшы», «Үздік өнерпаз», «Жас этнограф», «Үздік ерікті», «Үздік зияткер», «Әскери-патриоттық бағыт үздігі»). Бұл байқаудың өскелең ұрпақты әлеуметтендіру ісіне өзіндік ықпалы болады деп сенеміз. Осындай жобалар арқылы «NEET жастар» саны азайтуға септігімізді тигізігіміз келеді».
Кездесу барысында жиналғандар аталмыш жоба жайында сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы
-
Повзрослевшая Данэлия Тулешова получила множество хейта в свой адрес08.02.2023, 15:10Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»08.02.2023, 11:20Нейросеть назвала причины землетрясений в Турции08.02.2023, 10:10Казахстанку нашли живой под завалами в Турции08.02.2023, 19:35Сирия осталась одна? Голод, разруха, а теперь и землетрясение08.02.2023, 13:00Водитель автобуса смотрел порно за рулем в Астане – видео08.02.2023, 14:28
-
11:31Проблемы с теплом в Экибастузе не смогут решить до конца зимы11:17Четырех педофилов кастрировали в Шымкенте11:03В новом генплане Алматы учтены тектонические разломы последних лет10:49Шар Expo окрасился в цвет флага Турции10:35Гарик Харламов женился на казахстанке?10:21Сколько человек работают фрилансерами в Казахстане?10:09Землетрясение в Турции и Сирии: Число погибших превысило 15 тыс человек09:55Из Беларуси экстрадировали подозреваемого в участии в массовых беспорядках казахстанца09:41COVID-19 не отступает – вновь растет суточная заболеваемость09:27Работник погиб при взрыве цистерны на Тенгизе09:13Третий день подряд доллар дешевеет в обменниках РК08:45В Турции зарегистрировали землетрясение магнитудой 5,408:00Угля осталось на два дня: замерзнуть боятся жители поселка в Карагандинской области07:20Эвакуированные из Газиантепа рассказали, как пережили землетрясение06:40Полицейский погиб в смертельном ДТП в Алматинской области