Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында 2018 жылғы 18 қазанда Сыр өңірінде «Қорқыт. Қобыз» атты қыл қобызшылар мен қобызбен жыр айтушылардың республикалық байқауы болып өтті.
Ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі өнерпаздардың шығармашылығын насихаттау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат тұтқан шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сан ғасырлар өтсе де, сыны мен сырын жоғалтпай, саф алтындай сақталып келген халықтық асыл мұрамыз – дәстүрлі музыка жаңғырған байқауда 17 өнерпаз бақ сынады. 17-55 жас аралығындағы республиканың әр өңірінен: Астана, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Қызылорда облыстарынан келген қыл қобызшылар Қорқыт күйлерін шертсе, қобызбен жыр айтушылар Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінен және Тоныкөк, Күлтегін, Оғызнама, ортағасырлық дәуірдегі көне жыр үлгілерінен үзінділер орындады.
Байқау барысында прима қобыз, фортепиано сүймелдеуімен сазды күйлерді нақышына келтіре орындаған өнерпаздар арасынан астаналық Шолпан Шарапатова шашасына шаң жұқтырмай, бас жүлдеге ие болды. І орынды алматылық Аятолла Тұрғанов пен қызылордалық Айнуза Бегімсалова иеленсе, ІІ орынды оралдық Мөлдір Жалмұханбетова мен алматылық Әсел Қыдырмұрат, ІІІ орынды шымкенттік Анарбек Мырзабай мен қызылордалық Айдана Рүстембек бөлісті. Қобызбен жыр айтушылар арасындағы сында қызылордалық Марат Сүгірбай, алматылық Қазбек Әдікей, қостанайлық Қыдырбек Қиысхан, қарағандылық Әлібек Бимендин жүлделі болды.
-
Беременную с кровотечением госпитализировали только после резонанса07.02.2023, 10:50Повзрослевшая Данэлия Тулешова получила множество хейта в свой адресСегодня, 15:10Казахстанская исполнительница Данэлия Тулешова снова в популярном американском шоу07.02.2023, 19:45Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»Сегодня, 11:20Фашистами назвали алматинок, попросивших меню в кафе на казахском языке07.02.2023, 11:59Французский журнал высмеял землетрясение в Турции07.02.2023, 17:16
-
22:20СпецЦОНы изменили график работы из-за уменьшения обращений по вопросам легализации авто21:40Из Казахстана запретили вывозить бензин и дизтопливо21:00Иностранцы пытались провезти в Казахстан крупную партию электронных сигарет20:10Более 40 млн тенге собрали казахстанцы для пострадавших в Турции19:35Казахстанку нашли живой под завалами в Турции19:15В Астане предложивший помощь пенсионерке парень ограбил ее18:45В Алматы незаконно ограничивали деятельность лагеря для особенных детей18:14«Не можем сидеть, сложа руки»: как казахстанцы помогают пострадавшим в Турции18:00Новые правила ПМЖ для иностранцев в Казахстане17:45Штормовое предупреждение объявлено на большей части Казахстана17:30Казахстанский певец The Limba представил родителям свою невесту17:15Еще дешевле стал доллар на казахстанской бирже17:01Только 34% обращений бизнесменов смогли решить за прошлый год16:47Казахстанские волонтеры начали сбор гумпомощи для пострадавших в Турции16:33Четыре казахстанца пропали во время землетрясения в Турции