пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Қызылорда облысының ауыл әкімдері біліктілігін арттыруда

Қызылорда облысының әкімдеріне мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру тақырыбында лекция оқылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында облыстағы кент және ауылдық округтердің әкімдері үшін оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметтің рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, төртінші деңгейлі бюджет, салық, коммуналдық меншік, жобалық офистермен жұмыс жасау тақырыптарында дәріс оқылды.

Оқу процесін жаңғырту, жаңа тұжырымдамалық тәсілдер мен әдістерді таныстыру және түсіндіру мақсатында басшы лауазымдағы тұлғалар дәріскер ретінде шақырылды.

Осы ретте, ауыл әкімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов «Мемлекеттік қызметті реформалау және күтілетін нәтижелер» тақырыбында дәріс оқып, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында атқарылып жатқан басым бағыттарды атап өтті.

Департамент басшысы өз дәрісінде конкурстық процедуралардың ашықтығы механизмі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, «командалық көшуді» азайту секілді бірқатар өзекті мәселелер төңірегіндегі мемлекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді.

Семинарда, сонымен бірге, кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда меритократия принциптерін қолдану, мемлекеттік қызметтегі этикалық және жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту, «А» корпусын қалыптастыру мен мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мәселелері талқыланды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: