суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Қызылордада отбасылық байқау өтті

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық отбасылық байқау өтті. Оған аумақтық партия филиалдарынан 10 отбасы қатысып бақ сынасты. 

Шараның мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы отбасы құндылықтарын дәріптеу, бастауыш партия ұйымдарына жан-жақты қолдау көрсету.
Шарада облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың аса маңызды институты екенін атап өтті.

«Елбасы «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуға тиістігін атап көрсеткен. Бұл жаһандану дәуірінде өзінің тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алатындығының кепілі. Сондықтан отбасындағы ынтымақты, береке мен бірлікті сақтай отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау, дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз болып табылады», — деді Ибадулла Құттықожаев.

Бұл байқауда аумақтық кезеңнен озық шыққан 10 отбасы қатысып, таныстыру, өз өнерін көрсету сонымен қатар ел, өңір тарихынан дайындалған викториналық сұрақтарға жауап беріп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын заману тұрғыда насихаттау бойынша сынға түсті.

Шара соңында жүлделі орындар анықталды. Бас жүлдені Дәуренбековтер отбасы, І орынды Қызылорда қаласынан Тұрабаевтар отбасы, ІІ орынды Жалағаш ауданынан Қалжановтар отбасы иеленсе, жүлделі ІІІ орын Қазалы ауданынан Сексенбаевтар отбасына бұйырды.

Қалған отбасылары да түрлі номинацияларға ие болып, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының арнайы алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.

«Отан отбасынан басталады. Үлгілі отбасы кейінгі ұрпаққа қолжетімді көрнекі құрал іспетті. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырып отырған бұл байқау Елбасы көздеген жаңғырудың жарқын үлгісін насихаттауда өзгеге үлгі көрсетіп отыр», — деді бас жүлде иегері «Тұран» филиалына қарасты «Айқын» бастауыш партия ұйымының мүшесі Қуаныш Дәуренбеков.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: