Шымкенттегі ірі инвесторлық жобалар жемқорлықтан қорғалатын болады
Шымкенттегі ірі инвесторлық жобалар шенеуніктер тарапынан жасалатын түрлі құйтырқы әрекеттерден, заңсыз тексерулерден және жемқорлықтан қорғалатын болады.
Мұны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мамандары қадағаламақ. Атап айтсақ, бүгін Шымшаһарда «Protecting Business and Investments» жобасы аясында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге тағы 3 кәсіпорын аталған департаментпен екі жақты келісімге қол қойды.
Жобаның мақсаты – қолайлы инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.
Атап айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Azala Cotton» ЖШС-і 7 070 000 000 теңгені, теңгені және «АГФ Групп» ЖШС-і 251 000 000 теңгені құрайтын Инвестициялық жобалар.
Осымен Департамент жалпы 6 келісімге қол қойып, сүйемелдеу жобалар сомасы 11 506 000 000 теңгені құраған.
Департамент басшысы Әли Амантайұлы өз сөзінде, Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 % қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерді әкімшілік кедергілерден дер кезінде алдын алу үшін, өңірдегі барлық мемлекеттік органдардың Департаментпен тікелей әрекеттесетін жауапты мамандары бекітілген арнайы анықтама кітапшасы дайындалғандығын атап өтті.
Сондай ақ, «Protecting Business and Investments» жобасымен келісімге тұруға ниет білдірген инвесторлар үшін Департамент тарапынан «WhatsApp» (+7702 201 51 51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайды.
-
Беременную с кровотечением госпитализировали только после резонанса07.02.2023, 10:50Ребенок родился под завалами в Сирии07.02.2023, 10:24Французский журнал высмеял землетрясение в Турции07.02.2023, 17:16Казахстанская исполнительница Данэлия Тулешова снова в популярном американском шоу07.02.2023, 19:45Фашистами назвали алматинок, попросивших меню в кафе на казахском языке07.02.2023, 11:59«Спокойным тоном сообщила, что убила»: Пятиклассница напала на сверстницу с ножом07.02.2023, 19:14
-
06:00Прогноз погоды в Казахстане на 8 февраля05:23В Талдыкоргане мужчина разгуливал по улицам с «пистолетом» в руках03:23Дети в школе села Жетыген вынуждены учиться стоя02:30Спецборт с казахстанцами из Турции приземлился в аэропорту Астаны01:33Кто наказан после инцидента с дерганьем волос малышке в детсаду Караганды?00:23Резиденции президента в пяти городах Казахстана передадут для нужд детей