Шымкенттік жастар сенаторлардан жас кәсіпкерлерді салықтан босатуды сұрады
Шымкенттік жастар Сенат депутаттарымен кездесіп, өз көкейлерінде жүрген бірқатар мәселенің басын ашып алды. Қаланың белсенділері әсіресе жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жағдай тағы да жасалса дейді. Яғни, бизнесін енді ғана жолға қойған қатарластары салықтан босатылып, түрлі стипендиялар мен гранттарға қол жеткізсе деген ұсыныстарын айтты.
Еске салайық, Шымкентке арнайы сапармен ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды келіп, жастарға Елбасы жолдауының қыр-сырын түсіндірген болатын.
Аталған басқосуда Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының жастарға арналған басым бағыттары сөз болды. Жастар ресурстық орталығында өткен жиынға жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы білім беретін мекеменің шәкірттері қатысты.
Сенат депутаттары соңғы Жолдаудың жастар үшін серпін берер жағымды тұстары көп екенін атап өтті. Биылғы оқу жылында Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында мемлекеттік грант санын арттыру және жатын орын мәселелері шешімін тапса, келер жылдың жастар жылы атанғалы тұр.
«Елбасы Қазақстан халқына үндеу жасаған кезде жастарды ерекше айтып өтеді. Ал биылғы Жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Бұл дегеніміз жастардың басын қосып кездесу, форумдар өткізу ғана емес, күшті қаладағы жастардың әл-ауқатын арттыруға бағыттауымыз тиіс. Жастардың сапалы білім алуына да елімізде жағдай жасалуда. Оған дәлел ретінде Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасын» айтуға болады. Соңғы Жолдауда ең төменгі тұрмыс жалақысын 1,5 есе өсіруге тапсырма берілді. Ол да жастарға қатысты»,― деді Дархан Амангелдіұлы.
Жиын барысында жастар сенаторларға өз ұсыныстары мен тілектерін жеткізді. Жоғары оқу орнының студенттері кәсіппен айналысып жүрген жас кәсіпкерлерді мемлекеттік салықтан босатуды, белсенді жастарға, оның ішінде еріктілерге көңіл бөлуді сұрады. Салауатты өмір салтын ұстауда қаладағы ескі ғимараттардың пайдалануға берілуіне ықпал етуін өтінді.
Халық қалаулылары жастармен етене жұмыс жасауға әзір екенін, ұсыныс-тілекке әрдайым ашық екендерін жеткізді.
-
Жуткая трагедия: Астанчанин выбросил из окна племянника, зарезал тещу и спрыгнул сам06.02.2023, 22:19Казахстанский тиктокер покоряет мир06.02.2023, 09:41В Казахстане стартовало льготное автокредитование06.02.2023, 10:097-летнего ребенка спасли из-под завалов в турецком Диярбакыре06.02.2023, 15:51В Турции от мощного землетрясения разрушились дома06.02.2023, 08:55Салафит прилюдно обмазал бывшую жену зеленкой и фекалиями06.02.2023, 10:51
-
10:24Ребенок родился под завалами в Сирии10:10Тело Ленина пытались украсть из Мавзолея09:56Состоящие в браке казахстанцы переживают за свою безопасность09:42Ковидная пневмония унесла жизнь казахстанца09:28Зарплату самодостаточного казахстанца посчитала нейросеть09:13Доллар подешевел в казахстанских обменниках08:55Водителям автобусов после забастовки подняли зарплаты в Семее08:16Месси получил новую награду после ЧМ-202207:41Женщина продала своих детей в Атырауской области07:15Землетрясения в Турции и Сирии: Погибло более 3 тыс человек06:37Шымкентский учитель разработал шахматную азбуку для детей06:00Прогноз погоды в Казахстане на 7 февраля05:05Мақпал Жүнісова танымал журналистің анасына ерекше сыйлық тарту етті03:37Мясо птицы запретили накачивать водой в Казахстане02:27В Актобе финансовая пирамида работала под видом автоломбарда