четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Сенатор: «Шымкентте Бизнестің жол картасы өз тиімділігін көрсетті»

Күні кеше «үшінші қала» мәртебесін алып, Республикалық деңгейдегі қалаға айналған Шымкенттен Сенатқа екі депутат сайланғаны есте. Олардың бірі бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болған Дархан Сатыбалды болса, екіншісі облыстық мәслихатқа хатшылық еткен Нұрлан Бекназаров.

Бүгін халық қалаулылары Шымкентке арнайы келіп, халықпен кездесті. Жергілікті тұрғындарға Елбасы жолдауының қыр-сырын түсіндірген Сатыбалды мен Бекназаров атқарылған жұмыстар жайында, қаланың әлеуметтік дамуы жайында сөз қозғады.

Жолдауды іске асыру талқылау жиынын қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай жүргізіп отырды. Сенат депутаттары Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттарды түсіндіріп берді.

«Біз өздеріңізбен ынтымақ пен бірлікте жұмыс істеп, талай шешімдер қабылдадық. Сол жұмысты әрі қарай жалғастыру міндеті тұр. Қазір жаңа қызметтер құрылуда. Әр азамат өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарса, жетістіктер де артпақ. Жолдау жарияланғалы бері талқылау, қолдау іс-шаралары өтіп жатыр. Негізгі 6 басымдық белгілі. Азаматтардың жалақысын арттыру, тұтынушылар мен монополситер арасында ашықтық, бизнес саласындағы қолдау, педагогтар мәртебесін қабылдау сынды маңызды басымдықтарды бірлесе жүзеге асырайық. Жалпы, Жолдау әлеуметтік-экономикалық дамуға зор серпін береді», – деді Нұрлан Құдиярұлы.

Дархан Амангелдіұлы да ең төменгі жалақыны арттыру, әлеуметтік саланы қолдауда жүзеге асатын бағыттарды жан-жақты ашып, түсіндіріп өтті. Халық қалаулылры әрі қарай білім, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер бойынша халықпен жүздесіп, ұсыныстарды тыңдауға дайын екендерін айтты.
«Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы өз тиімділігін көрсетті. Біз осында кәсіпкерлерге көп көмек көрсеттік. Сұраныс бар. Қаржы жетпей жататын. Үкіметке ұсыныс беретінбіз. Енді мегаполис мәртебесін алғаннан кейін олармен тікелей жұмыс жүргізілмек. Бізге әлі де мектептер жетіспейді. Мұғалімдер мәртебесін қабылдау үшін өз ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Айтар уәждеріңізді Астанаға ала кетеміз», – дейді Дархан Амангелдіұлы.

Жиында сөз алған шымкенттіктер Жолдаудағы нақты іс-шараларға қолдау көрсететуге дайын екендерін жеткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0