среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Шымкенттік кәсіпкерлер қалада биыл көмірдің тапшылығы жоқ екенін айтуда

Күн суыта еліміздің бірнеше өңірінде көмір тапшылығы болатынын жақсы білеміз. Әсіресе, солтүстік пен шығыс облыстарда жергілікті көмір тасымалдаушылары дефицит деп сылтауратып, бағаны шарықтатып жіберетіні жасырын емес. Бұл әрине, қатты отынның жоқшылығынан емес, делдалдардың, яғни алыпсатар кәсіпкерлердің құйтырқы әрекеті. Мұны жергілікті билік өкілдері талай рет әшкерелеп те келеді. Алайда, неге екені белгісіз, аталған проблема жыл сайын қайталанып келеді.

Ал, шымкенттік кәсіпкерлер болса қалада биыл да көмір тапшылығының болмайтынын айтып отыр. Иә, еліміздің ең оңтүстігіндегі шаһар болғанымен, Шымкентке де қыс келеді, Шымкентте де қар жауады. Яғни, жергілікті халыққа қыстыгүні көгілдір отынмен бірге көмір де ауадай қажет.

Көмір тасымалдаушы кәсіпкерлер биыл да мегаполисте тапшылық атаулының болмайтынын айтып отыр. Тіпті, бағасы халыққа қолжетімді болады дейді олар.

Бүгінгі таңда шаһардағы қоймаларда көмірдің әр тоннасы 14 мың 600 теңгеден босатылуда. Алайда, ол шалғай елдімекендерге жеткенше 19-20 мың теңгеге шарықтап кетеді екен. Жолдың қашықтығынан болар, көмірдің тоннасына бекітілген бағам да қымбаттап шығады. Мұны екі ортада көмір таситын ағайын жақсы біледі.

«Көмірді жылда тасымалдаймын. Биылғы баға жаман емес, талас та жоқ. Әрине кезек күтеміз, тезірек артқан жағдайда ертерек қайтуға асығамыз», ― дейді жергілікті тұрғын Керімбек Төлешов.

Тассай елді мекеніндегі көмір қоймасына күн сайын Қарағандыдан 10 вагон отын келеді. Ол шамаман 700 тоннаны құрайды. Вагоннан түсе сала, кезекке алдын ала тұрғандар талап кетеді. Кезегі жетпегендер келесі вагонды күтеді.

«Көмірдің сапасы жақсы. Бағасы да жылдағыдай шамалас. Сұраныс бар, бірақ тапшылық жоқ. Біз тек Қарағандының сапалы көмірін аламыз», ― дейді кәсіпкер Самат Құралбаев.

Шымкенттегі көмір базаларында сұраныс орташа. Мұнда, әсіресе, шеттен келетіндер көп. Тағы да айта өтейік, көмірдің әр тоннасы 14 мың 600 теңгеден босатылуда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0