суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Шымкенттегі 350 көшені жөндеу үшін жергілікті бюджеттен 20 млрд теңге бөлінеді

Шымкентте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген жаңа басымдықтар іске асырыла бастады. Келесі жылдың өзінде ірі қалада 350 көшені жөндеу жоспарланған. Миллиондаған тұрғыны бар қала басшылығы жаңа кәріз жүйесін салуды да жоспарлап отыр.

Мәселен, «Нұртас» ықшамауданы Шымкент қаласының картасында жақында ғана пайда болды. Бірнеше жылдың ішінде зор алқаптың орнында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді. Ондағы тұрғындарға жарық, газ және су тартылды. Енді олар орталық кәріз жүйесі іске қосылсақ деп армандайды.

«Мен жаяу жүргенді ұнатамын, үйлердің жанынан өтіп бара жатсаңыз,әйтеуір жағымсыз иіс міндетті түрде шығып тұрады. Сол мәселе жойылса екен деймін», ― дейді жергілікті тұрғын Мелдебек Әділбаев.

Қала тұрғындарының жартысынан астамы дәл осындай қолайсыздықты бастан кешіруде. Қалалық әкімдік ұсынған мәлімет бойынша, миллиондаған тұрғыны бар шаһарда кәріз жүйесімен бар болғаны тұрғындардың 46 пайызы қамтылған. Сондықтан қазірден бастап-ақ, мұнда жаңа су ағызу нысандарының құрылысы басталып кеткен. Алдағы бірнеше жылда халықты кәріз жүйесімен қамту ісі екі есеге артады.

«Шымкент қаласын дамыту жоспарына сәйкес, 30-дан астам жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейміз, оған 50 миллиардтан астам теңге жұмсалатын болады. Сәйкесінше, 46 пайызды біз 80 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз», ― дейді қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысыНұрлан Аманқұлов.

«Елбасы барлық мүмкіндікті жасап берді. Елбасымыздың өз Жолдауында: қалаларда бәрі әдемі, азаматтар үшін қолайлы, көшелерде, аулада жүру жағымды болуы тиіс деген сөзіне қуаныштымын. Бұл ― біз орындайтын тапсырма. Біз осымен айналысуға тиіспіз. Бізге әсемдік туралы да ойлайтын уақыт жетті», ― дейді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахимов.

Осы тұрғын үй кешенінің жанындағы көшелерде асфальт та төселмеген. Десек те, бұл бірнеше жыл бұрын ғана ірі қалаға қосылған жаңа ықшамаудандар мен елді мекендер үшін ортақ проблема.

Билік бұл мәселені де шешуге уәде беріп отыр. Келесі жылдың өзінде Шымкентте 350 көше жөнделмек. Бұл 20 миллиардқа жуық теңгені талап етеді. Ол бойынша жобалық-сметалық құжаттамада дайын.

Сондай-ақ құны 19 миллиард теңгелік екі республикалық маңызы бар жолдар да қайта жөндеуден өтеді. Қалада жаңа сумен жабдықтау нысандары салынады және электр жүйесі жетілдіріледі, табиғи газға мұқтаждықты өтеу үшін жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясы орнатылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0