среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Жастар дәуір талабына сай болулары керек

Орал өңіріне «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев келді. Ол аудан ауылдарға барып, жастармен жүздесті.

Кездесу барысында ол осыдан он жыл бұрын кіші­гірім үйірмеден басталған ұйым бүгінде ауқымды қозғалыс дәре­жесіне жетіп, үлкен саяси күш­ке айналған «Жас Отан» жастар қанатының бүгінгі тыныс-тіршіліг туралы әңгімеледі. Еліміздің жалын­ды жастарының дені «жасотан­дық­тардың» қатарында екенін айтып, Елбасының тапсыр­масына сай кез келген жаңа­шыл­дықтан тайсалмай, қоғам­дық өзгерістерге дайын болуы керектігін жеткізді.

Ақжайық ауданында болған кезде «Өркен» коворкинг орталығына атбасын тіреді. Жылға жетпейтін уақыт ішінде біраз тың, мазмұнды істердің ордасына айналған «Өркеннің» жұмысымен қызыға танысып, ауданның қыз-жігіттермен Елбасының жаңа Жолдауы жайында әңгімелесіп, пікірлесті.

«Жас­отан­дықтар» жүзеге асырған «NURINTECH», «Сәтті қадам», «Жастар – Отанға» жобалары­на батысқазақстандық жас­тардың белсене қатысқаны да сөз болды. Данияр Манарбекұлы партия бастамасымен қолға алынған «English for Jastar» жобасы туралы да баяндады. Ауданда Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжнің студенттері, жас волонтерлар Үмітханым Сайлау мен Эльвира Амангелді қолға алған ағылшын тілін үйрету курсының тынысымен танысты.

Ауылдық округтерден жиналған жастармен болған жүздесуде Д.Сүндетбаев оларға болашаққа көз жүгіртіп, дәуірдің талабына сай ізденіспен биік межелерге қол жеткізу жайында әңгімеледі, сұрақтарға жауап қайтарды. Содан соң ол гитарамен жастармен бірге ән шырқады.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0