Шымкенттік кәсіпкерлер Елбасы тапсырмасы аясында спорттық нысандар салып жатыр
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың спортқа деген қолжетімділігін арттыруды және кәсіпкерлерді жергілікті билікпен әріптестік орнатуды үкімет мүшелеріне бірнеше жылдан бері тапсырып келеді. Соның нәтижесінде Мемлекеттік-жекеменшік бағдарламасы әзірленіп, республика бойынша жүздеген нысан салынды.
Ал, биыл аталған бағдарлама аясында Шымкентте спорттық нысандар көптеп салына бастады. Өйткені, шаһарда бұқаралық спортпен шұғылданатындар саны жыл сайын артып келеді.
Еске салайық, Елбасы биылғы Жолдауында өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажеттігін атап өткені белгілі. Бұл бағытта Үкімет пен әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес шым шаһарда әлеуметтік-жекеменшік әріптестік аясында жаңадан спорт кешені бой көтерді.
Абай ауданындағы Жиделі шағынауданынан салынған нысанда 5 жастан 18 жасқа дейінгі жастардың жыл он екі ай доп тебуіне мүмкіндік бар.
5000-ға жуық тұрғыны бар мөлтекауданда енді жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытында бір сәт тәжірибелі маманнан футбол әліппесін үйреніп, өз-өздерін дамытуға барлық жағдай жасалды. «Шалқар Бастау» ЖШС футбол кешенінің құрылысын үш айдың ішін-ақ аяқтаған. Құрылысқа жалпы 84 566 400 теңге жұмсалған. Серіктестік құрылтайшысы Бек Айдосов нысанды салудағы басты мақсаты шағынауданның жастары мен жасөпірімдерінің бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтына баулу екенін айтады.
«Негізінен құрылыс жұмыстарын ерте аяқтағанбыз. Құжаттарын реттеуге біршама уақыт кетті. Негізгі мақсатымыз - жастарды спортқа тартып, олардың ішінен әйгілі спортшыларды баптап шығару. Жоспарымызды жүзеге асыруда мемлекеттен де көптеген жәрдем берілді», - дейді кәсіпкер.
240 балаға арналған кешенде барлық жағдай жасалған. Киім ауыстыру, жуынатын бөлмелері, тынығатын орындар қарастырылған. Мұнда 4 бапкер балаларды футболдың қыр-сырына үйретеді. Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы қазір кәсіпкерлерге қол болып тұр. 15 жылға жасалған келісім-шарт бойынша енді екі тарап қаладағы бұқаралық спортты дамыту жұмысын бірлесе атқарады.
Бұл ретте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қазығұрт шағынауданында да тағы бір спорт кешені пайдалануға берілді. Осылайша қаладағы бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру мақсатындағы жобалар жалғасын таппақ.
Еске салар болсақ, бүгінде қалада жалпы 804 спорт нысаны бар. Оның ішінде: стадион - 3, спорт сарайы - 1, спорттық құрылғылар кешені - 6, спорттық кешендер - 11, спорттық манеж, ату алаңы - 5, жазықтықты құрылғылар - 433, теннис корттары - 33, жүзу бассейндері - 8, спорт залдар- 229 және орнатылған спорт залдар - 65. Алдағы уақытта 427 гектарды құрайтын «Shymkent city» шағынауданында «Шымкент арена» спорт кешені салынады деп жоспарланып отыр.
Елбасының халықтың 30 пайызын бұқаралық спортқа жұмылдыру тапсырмасына осылайша кәсіпкерлердің де қолдау көрсететін сәті туып отыр. Еңселі ғимараттар салуға, туған қаласына бұқаралық спортпен шұғылдануға жағдай жасауға іскер азаматтар да жұмыла кіріспек.
-
Повзрослевшая Данэлия Тулешова получила множество хейта в свой адрес08.02.2023, 15:10Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»08.02.2023, 11:20Нейросеть назвала причины землетрясений в Турции08.02.2023, 10:10Казахстанку нашли живой под завалами в Турции08.02.2023, 19:35Сирия осталась одна? Голод, разруха, а теперь и землетрясение08.02.2023, 13:00Водитель автобуса смотрел порно за рулем в Астане – видео08.02.2023, 14:28
-
15:25До 480 сигарет в год потребляет некурящий алматинец15:11Новый аким пообещал благоустроить набережную Астаны14:57Ди Каприо заподозрили в романе с 19-летней моделью14:43Троих подростков спасли из-под завалов дома в Турции, где находятся казахстанцы14:29Сотрудники Минздрава продавали лицензии на аптечный бизнес14:15Президент Казахстана поручил направить гуманитарную помощь в Сирию14:00На месте бывшей резиденции президента в Алматы появится парк13:00Полицейские нашли и наказали проституток за обнаженные фото на сайте12:45Житель Хромтау обустроил «умный дом» своими руками12:30Еще трех человек вытащили из-под завалов казахстанские спасатели12:14Активно сносить дома начнут в Казахстане12:00«Приставал к моей дочери»: Туркестанка обвинила полицейского в изнасиловании11:45Казахстанцев предупредили о холере, чуме и лихорадках за рубежом11:31Проблемы с теплом в Экибастузе не смогут решить до конца зимы11:17Четверых педофилов кастрировали в Шымкенте