+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
11.10.2018 в 12:37

Шымкенттік кәсіпкерлерге бақылау кассалық құрылғыларын онлайн режимге өткізу жайы түсіндірілді

Салық саласы мамандары бақылау кассалық құрылғыларын онлайн режимге өткізу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп салық заңнамаларына енген өзгерістерді түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Шымкенттік кәсіпкерлерге бақылау кассалық құрылғыларын онлайн режимге өткізу жайы түсіндірілді Фото: biznes.guru

Салық төлеушілерге барынша жағдай жасау мақсатында жуырда Астана қаласында қанатқақты жоба жүзеге асырылған болатын. Жобаның артықшылықтары басым. Бас қаладағы «Шапағат» базарында теледидарлар, баннерлер, стендер орналастырылған. Арнайы кабинет бөлінген. Сауда жасаушылар салық төлеу бойынша барлық сұрақтарға жауап ала алады. Мәселен, 360 адам сауда жасаса, соның 98 пайызы бақылау касса машинасы мен пост терминал алуға қол жеткізген. Соның арқасында әр салық төлеушінің табысы екі есеге өсіп отыр дейді мамандар.

Бүгінде астаналық базарда қолға алынған жобаны үшінші мегаполисте тәжірибеге енгізу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Қаладағы 37 сауда базарында пост терминалдар қойылып, кабинеттер ашып, салық есептілігін тапсыру бойынша жұмыстар жүргізілмек. Сауда жасаған кезде чек беріледі. Сол Астанадағы орталықтандырылған жүйеге түсіп отырады. Бұл табысты жасырмаудың төте жолы.

«Бақылау кассалық құрылғыларын онлайн режимге өткізу «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Қосымша кіріс көздерін, табыстарын, жалға беріп отырған орындары туралы мәліметтерді жасырмай толыққанды өткізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде», ― деді  Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің салық сапасын бақылау бөлімінің басшысы Захид Жаппарқұлов.

Соңғы әлетте есепке алынған субьектілер саны артып келеді. Шымкент қаласы бойынша 9 айда 23 771 заңды тұлға тіркелген. Дара кәсіпкелердің саны 56 247 жетіп отыр. Жалпы қала бойынша 68 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектілері жұмыс атқаруда. Осы субьектілерден 9 айда қазына қоржынына 20 млрд. теңге түсім түсіп отыр. Енді бақылау кассалық құрылғылар орнатылса бюджетке түсетін түсім тағы да артатын болады. Бұған салық мамандары сенімді.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика