четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
24oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Шетелдік инвесторлар Шымкентті дамытуға қызығушылық танытып отыр

Биыл Шымкент халқының саны 1 миллион адамнан асып, шаһар «үшінші қала» статусына, яғни республикалық маңызы бар қала деген ерекше атқа ие болды. Демек, биылдан бастап Шымкент облыстан бөлініп шығып, өз алдына жеке бюджетке ие болып отыр. Бұл бюджет жергілікті халықтың әл-ауқатын арттырып, қаланы көркейтуге жұмсалуы тиіс.

Дегенмен, жаңа ғана құрылған қаланың мұншама істің бәрін түгел бір уақытта атқарып тастауына жалғыз шамасы да, қаражаты да жетпейтіні белгілі. Сондықтан, өңірге шетелдік инвесторларды тартуды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентті облыстан бөлу кезінде ерекше атап өткен болатын. Сол уақыттан бері «үшінші қалаға» бір емес, бірнеше елден кәсіпкерлер келіп, өз ұсыныстарын жергілікті билікке ұсынып жатыр. Олардың қатарында жаңа кәсіпорындар, демалыс орындары және мейрамханалар мен халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер де бар.

Корея, Литва және Оңтүстік Африка республикалары да Шымкентке инвестиция құюға қызығушылық танытып отырған елдердің қатарында. Жуырда аталған мемлекеттен келген дипломаттар Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен кездесіп, нақты жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында Ұлы Жібек жолы бойындағы шаһардың ірі көлік хабын қалыптастыру мүмкіндіктері талқыланды. Шымкенттің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм, білім және денсаулық сақтау салаларындағы атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылып, қонақтарға осы салаларды бірлесе отырып дамытуға қолайлы мүмкіндіктер ұсынылды.

Шетелдік инвесторлар үшін Шымкентте нақты жобалар табылатындығын тілге тиек еткен қала басшысы жаңа индустриялық аймақтар ашу жоспарлары туралы шетелдік қонақтарға айтып берді. Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылға және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға сенім білдірді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0