суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Шымкентте заңсыз кәсіпкерлікпен күрес жалғасуда

Шымкент қаласының орталық көшелерінде көпшілікке арналған жерді заңсыз меншіктеп алып, ретсіз сауда жасайтындардың қатары азаймай тұр.

Мегаполистің сәулеттік келбеті сақталуы шарт. Шаһар орталығы саналатын Әл-Фараби ауданында қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың ретсіз саудамен күрес және заңсыз дүңгіршектерді сүру жұмыстарына байланысты тапсырмасы жалғасуда.

Жұмыс барысында қала көшелеріндегі аяқ жолдар мен көпшілік бірге пайдаланатын жер телімдеріне заңсыз орнатылған бірқатар дүңгіршектер алынды. Атап айтқанда, Амангелді көшесіндегі «Асхана», Арғынбеков көшесінде орналасқан «Тандыр самса», А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы «Донер» және Қазыбек би көшесіндегі «Лаваш» саудасы тоқтады. Иісі аңқыған түрлі тағам жергілікті тұрғындардың мазасын кетірсе, санитарлық талаптарға сай келмейтін тағы бір осал тұсы бар. Соған қарамай саудасын қыздырған дүңгіршек иелеріне бұған дейін де түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Бұл дүңгіршектер – бір адам үшін табыс көзі. Ал тағы 100-200 адам үшін ыңғайлы тамақтану орны. Алайда, дүңгіршек орналасқан жолдан өтетін және осы маңда тұратын 5-10 мың адам үшін бұл үлкен кедергі», – дейді Әл-Фараби ауданы бойынша кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Н.Қаңлыбаев.

Кең көшені тарылтып, ешбір құжатсыз дүңгіршек орнатып алған тұрғындарға Әл-Фараби ауданы бойынша кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің қызметкерлері түсіндіріп, жыл басынан бері заңсыз орнатылған 66 дүңгіршекті орнынан алуға ықпал етті. Бұл жұмыстар Шымкент қаласы әкімінің 13.04.2016 жылғы «Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын алу, жою жұмыстарының барысы» туралы №649 қаулысына, ҚР-ның Жер Кодексінің 43-бабына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136 және 204-бабына сәйкес жалғаса береді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0