вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
-3oC
×

Батысқазақстандық студенттер «Аламанда» бақ сынады

Таяуда Оралда «Аламан – 2018» облыстық фестивалі өтті. «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан жастарды қолдау, олардың өзара достық қарым-қатынастарын нығайту, тәжірибе алмасу мақсатындағы бұл сайысқа М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ және Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжінің (БҚИТК) студенттері қатысты.

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Ақжайық КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен болған шараның алғашқы күні қатысушылар «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында эссе жазудан, «Менің әлеуметтік жауапкершілігім» атты әлеуметтік жоба қорғаудан, «Таңдаған өңірім-болашағым!» тақырыбында презентация жасаудан және «Ағылшын тілінің мамандығым үшін маңызы» атты топтық пікір-сайыстан сынға түсті. Нәтижесінде эссе жазудан М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Жақсылық Асан үздік болды. Ал БҚАТУ студенті Гүлжайна Қожагелдиева әлеуметтік жобаларын сәтті қорғады. Тұсаукесер шарасында БҚМУ студенті Бағдат Оразхан өзгелерден озық болды. Топтық пікірсайыс турнирінде 1-орынды БҚМУ алды. «Үздік спикер» аталымы бойынша БҚМУ студенті Динара Өскен марапатталды.

Екінші күні студенттер спорт түрлері бойынша сайысты. Жарыс қорытындысында қыздар арасында болған волейбол мен жігіттер арасындағы шағын футбол турнирлерінің нәтижесі негізінде бас жүлде БҚАТУ-ға бұйырды. Арқан тартыста БҚМУ ешкімге дес берген жоқ.

Фестиваль «Өнерлінің өрісі кең» атты шығармашылық байқауымен қорытындыланды. 27 қазан күні өткен бұл байқау нәтижесінде  «Эстрадалық ән» аталымында қос университеттің студенттері Айша Айтуғанова мен Мөлдір Нұрқылыш жақсы өнер көрсетті. Ұлттық және заманауи билер бойынша БҚМУ үздік деп танылды. БҚАТУ студенті Әлібек Нұрғазиев «Көркем сөз оқу шебері» аталымының жеңімпазы болды.  БҚАТУ-дың тағы бір студенті Нұрсұлу Оразалиева ұлттық аспапта жақсы ойнайтынын дәлелдеді. «Мені шыңдаған «Серпін» тақырыбында  жайдарман ойындары бойынша бастапқы қос жүлдені М. Өтемісов атындағы БҚМУ мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жайдарманшылары иемденді.

Фестиваль соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0