Бұл жарыста қызылордалық мергендер 7 медаль жеңіп алды. Оның 2-уі алтын, 5-уі қола медальдар.
Алматы қаласында стенд атудан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Нәтижесінде жекелей есепте дубль - трап бағдарламасы бойынша Максим Коломоец пен Айжан Досмағамбетова 1-орындарды жеңіп алды. Максим - жетінші мәрте, Айжан - үшінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды.
Микс-трап түрі бойынша Екатерина Ким, дубль-траптан Әлішер Айсалбаев пен Виолетта Ягодарова, командалық траптан Владимир Иванов пен Игорь Сигитов ел чемпионатының қола жүлделеріне ие болды.
Айта кетейік, жақында ғана Кувейт қаласында өткен Азия чемпионатында дубль-траптан Қазақстан команда құрамында өнер көрсеткен Максим Коломоец қола жүлдегер болса, Айжан Досмағамбетова траптан команда құрамында күміс жүлдені еншілеген болатын.
Енді Максим Коломоец келесі жылдың наурыз айында Аль-Аин қаласында стенд атудан өтетін (БАӘ) лицензиялық Әлем кубогына дайындалады.