вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-4oC
×

БҚО-ның Қазталов ауданына 150 жас маман келді

Қазталов ауданында 6,5 мыңнан астам жас бар. Бұл аудан тұрғындарының 22,5 пайызын құрайды.

Аудан әкімі Абат Шыныбековтың сөзіне қарағанда, аудандағы жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі мәселенің бірі - жастарды жұмыспен қамту. Соған орай жыл басынан бері бес мәрте жастарға арналған жұмыс жәрменкесі ұйымдастырылды. Оған 300 жігіт пен қыз қатысып, олардың 250-і жұмысқа тұрды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында соңғы екі жыл ішінде 18 жас 91 млн. теңге несе алып, өз істерін бастады және 20 жұмыс орнын ашты. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 9 жас жұмыспен қамту бағдарламаларына тартылды.

«Ауылға жас мамандарды тартуда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тигізіп жатқан пайдасы көп. Тек соңғы екі жылдың ішінде ауданға 150 жас маман келді. Оның 90-ы педагог болса, 47-сі медицина қызметкері. Бүгінгі таңда аудандағы студенттер саны – 1510. Сол студенттер «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жаз мезгілдерінде жұмысқа тартылуда. Аталмыш бағдарламаға орай жергілікті бюджеттен 1,9 млн. теңге қаржы бөлініп, соңғы екі жыл ішінде 70 студент аудан аумағын тазалау, абаттандыру жұмыстарына қатысты», — дейді Абат Абайұлы.

Қазталовтық жастардың бос уақтын пайдалы өткізу мәселелері шешімін табуда.  Бүгінде ауданның барлық 16 ауылдық округінде спорт алаңдары салынды. Спорт мектептерінің және орта мектептердің спорт залдары кешкі уақытта ауыл жастарына қолжетімді. Жаз мезгілдерінде орталық саябақтарда жастардың қатысуымен әртүрлі мәдени-көпшілік шаралар да ұйымдастырылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0