понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-1oC
×

БҚО-да кәсіпкер жастарға қолдау көрсетілуде

Қазталов ауданында өнім өндіру, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүрген жас кәсіпкерлер аз емес. Солардың бірі – Индира Әлібекова.

Ол 2015 жылы «Әлібекова» жеке кәсіпкерлігін құрып,  ауыл балалары үшін ағылшын және орыс тілдерін оқытып, ментальды арифметиканы терең меңгерту мақсатында арнайы курс ұйымдастырды. Артынан жолаушылар тасымалын қолға алды. «Бақыт Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жасақтап, ауыл және ауданішілік Жалпақтал – Қараөзен, Жалпақтал – Жаңажол, Жалпақтал – Қазталов бағыттары бойынша маршруттарды жолға шығарды. Биыл «Қараөзен ауылы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін ұйымдастырып, қойды асылдандыру бағытында жұмыстануда. Сондай-ақ ол жартылай фабрикаттар дайындайтын және тандыр нан пісіретін цех ашып, 4 адамды тұрақты жұмыспен  қамтып отыр. Мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілуде. Бұл жас кәсіпкерге ісін одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Таяуда Орал қаласында өткен облыстық жастар кеңесінің отырысында Индира Әлібекқызы осындай демеу үшін аудандағы жас кәсіпкерлер атынан Елбасына, үкіметке, облыс басшылығына, жергілікті атқарушы билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.

БҚО әкімі Алтай Көлгінов Индираның іскерлігін атап өтіп, оны жастарға үлгі етті.

«Жастарға Индира секілді өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік мол. Қажет қолдаудың бәрін жасаудамыз. Мәселен, биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында облыста кәсіпкерлікті дамыту үшін 4,2 млрд. теңге бөлінді. Соның 500 млн теңгесі бар әлі. Сол себепті Оралдағы, ауылдағы жастар осы қаражаттан шағын несие алып, өз істерін ашуларына болады», — деді Алтай Сейдірұлы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0