понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-1oC
×

Ауыл жастары ағылшын тілін меңгеруде

Орал өңірінде «English for Jastar» жобасы сәтті жүзеге асуда. Аталмыш жоба облыстағы Ақжайық, Теректі, Сырым, Бөрлі, Зеленов және Тасқала аудандарында кең қанат жайып келеді.

Аталмыш аудандарға М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың, Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенттері барып, жастар мен жоғары сынып оқушыларына арнайы speaking club, деңгейлік «Elementary»  және «Pre-Intermediate» бағдарламалары бойынша «Oxford» университетінен шығарылған кітаптары негізінде дәріс оқуда. Тіпті, соңғы кездері «English for Jastar» жаңа жобасын жүзеге асыруға пәкістандық ерікті Жадун Аймалхан да белсенді атсалысуда. Ол қазіргі таңда Зеленов ауданынының  мектептерінде дәріс оқып жүр.

«Жастардың білмегенін үйрету, оларды келешекке жетелеу – өте игі іс. Қазақстанда «English for Jastar» жобасының жүзеге асуына үлес қосып жүргеніме қуаныштымын. Мұнда балаларға сабақ беруге қоса, Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысып, қазақ тілін де үйренудемін. Батыс Қазақстан облысына келгенше Астана қаласында, сондай-ақ үш аптадай Ақтөбе облысының Қобда ауданында да қазақстандық жасөспірімдердің ағылшын тілін меңгеруіне үлесімді қостым», — дейді Пәкістан Ислам Республикасының азаматы Жадун Аймалхан.

Осынау игілікті іске ұйытқы болып жүрген «Жас Отан» жастар қанатының БҚО филиалы өкілдерінің айтуынша, «English for Jastar» – АҚШ пен Еуразия құрылығы мемлекеттерінен келген және ағылшын тілін тыңғылықты меңгерген қазақстандық студенттерді еліміздің өлке-өңірлеріне, аудан-ауылдарына жіберу арқылы ауылдағы жастардың ағылшын тілін білуіне бағытталған жоба.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0