2018 жылдың 13-14 қараша күндері Астана қаласында «Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету» атты семинар-тренинг өтті.
Аталмыш шараны «R-Media» компаниясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ ұйымдастырды.
Семинар-тренингтің мақсаты - әлеуетті спикерлердің ОКҚ алаңындағы БАҚ алдында тиімді сөз сөйлеулерінің тәжірибелік машықтарын жетілдіру, жеке жария бейнесін қалыптастыру. ӨКҚ мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру.
2 күнге созылған семинар-тренингтің жұмысына ОКҚ баспасөз іс-шараларының әлеуетті спикерлері,оның ішінде мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың, Өңірлік коммуникациялар қызметтері өкілдері, барлығы 50-ден астам адам қатысты.
Семинар-тренингтің жұмысын келесі дәріскерлер жүргізді. Дмитрий Ким - «NewTimes» АА бас редакторы, Ирина Виговская – қазақстандық медиация орталығыының директоры, Зарина Биюмбаева мен Болат Берсебаев – халықаралық сертификатталған дәріскерлер.
Семинар-тренинг аясында дауларды басқару, даулы жағдайларда жол таба білу ептілігін қалыптастыру, көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі, БАҚ-пен өзара іс-қимыл, тиімді коммуникация машықтары, SMM жұмыс құралдары мен нәтижелерді бағалау өлшемдері сияқты тақырыптар қозғалды.