четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
0oC
1xadv
×

Шымкент базарларындағы шағын кәсіпкерлер салықты жұмыс орнында төлей алады

Бүгінде Шымкент қаласына қарасты Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан салық төлеушілерге бақылау касса машиналарын алып, тіркеуі үшін ақпараттық-насихаттық жұмыстарын қызу жүргізуде. Жаңа жүйенің ұтымды тұстары көп.

Фото взято с сайта Someplace.kz
Фото взято с сайта Someplace.kz

Салық төлеушілерден қазына қоржынына түсуі тиіс табысы нақты болмақ. Ол үшін Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілерге барынша қолайлы жағдай жасауда. Ауданға қарасты сауда орталығында салық төлеушілер кабинеті ашылды. Кәсіпкерлер кірістер басқармасына бармай-ақ осында салықты төлеп, қажетті қызметті ала алады.

Бүгінде аудан аумағында 27 қызмет түрі бойынша 6500 бақылау кассалық машиналары тіркелген. Бұдан бөлек тағы да аталмыш құрылғыны 390 кәсіпкер алуы тиіс. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап базар аумағында стационарлық емес сауда орындарына бақылау кассса аппараттарын қою міндеттеледі.

Жаңа жылдан бастап кәсіпкерлер жаңа жүйе бойынша жұмыс істейді. Яғни, пост терминалдар мен бақылау кассалық аппараттары барлық кәсіпкерде болуы тиіс. Осыған орай Еңбекші ауданына қарасты сауда орталығында салық төлеушілер кабинеті ашылған.

Қуатбек Дәрібеков, Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарамасы ақпараттық қабылдау және беру орталығы бөлімінің басшысы:

«ҚР Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 16 ақпанындағы №206 бұйрығына толықтырулар енгізілуіне байланысты салық төлеушілер ақшалай есеп айырысу кезінде бақылау касса машиналарын тіркеуге міндетті. Оған 27 қызмет түрі бекітілді. Қазіргі таңда сауда орталағында қызмет жасайтын салық төлеушілер пост терминалдар қойды. Онлайн бақылау кассалық машиналарын тіркеді».

Сатушылар жаңа жүйенің тиімділігін байқап үлгеріпті. Тұтынушыларға оның артықшылығы көп. Мәселен, банк карточкасы арқылы есеп айырысып, чек талап етуге құқы бар.

Ольга Нефедева, сатушы:

«Келушілеріміз қолма қол ақшамен де, банк карточкасы арқылы да сауда жасауына мүмкіндігі бар. Қазір дамыған заман. Заманауи құрылғының артықшылығы көп. Бізге өте тиімді. Жаңа жүйе туралы салық мамандары бізге ақпарат беріп, жан-жақты түсіндірді».

Сауда орталығында қаладағы №1 цифрлық «Қазпошта» бөлімшесі жұмыс істейді. Салық төлемдерін төлеу және жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Барлық онлайн төлемдерді жасауға болады.

Нұрсұлтан Көшенов, сауда орталығының директоры:

«Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен «Север» сауда орталығы арасында меморандум түзілді. Салық төлеушілерге өте қолайлы болып отыр. Орталығымызда 38 дүңгіршек болса, соның 17 -сі онлайн терминалмен қамтамасыз етілді. 20-сы жаңа жылға дейін қамтылмақ. Онлайн жүйе қағаз құжаттардың тасқынынан арылтады».

Сонымен, 1 қаңтардан бастап базар аумағында стационарлық емес сауда орындарына бақылау кассса апараттарын қою міндеттеледі. Базарларда да салық төлеушілер кабинеттері ашылмақ. Ал бақылау кассалық аппаратын уақтылы алмағандарды қомақты айыппұл күтіп тұр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0