четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметте басшы лауазымда 324 әйел жұмыс жасайды

Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 45,7 пайызы нәзік жандылар. Ал, олардың қатарында 13 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері қызмет етуде. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимовтың мереке қарсаңындағы «Батыр аналарды» қабылдауында белгілі болды.

Фото взято с сайта avestnik.kz
Фото взято с сайта avestnik.kz

Облыстағы 3603 мемлекеттік қызметшінің 1645-і әйел азаматшалар. Олардың 733-і жергілікті атқарушы органдарда, ал, 912-і орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етеді.

«Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметте басшы лауазымда 324 әйел жұмыс жасайды. Олардың арасында, 3 департамент басшысы, 4 басқарма басшысы, 6 ауыл әкімі бар. Басқалары түрлі деңгейдегі, яғни, қалалық, аудандық дербес басқарма және бөлім басшысы қызметін атқаруда. Бүгінгі шараға, жауапкершілігі мол мемлекеттік қызметте ер азаматтармен қатар жұмыс жасап келе жатқан «Батыр аналарды» шақырып, құрмет көрсетіп отырмыз. Мемлекеттік қызметпен бірге, ел демографиясына үлес қосып келе жатқан аналарымызға алғысымды білдіремін», — деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.

Шара барысында Батыр аналарға құрмет көрсетіліп, балаларға сыйлықтар табысталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: