Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың белсенді жастармен бейресми кездесуі өтті.
Кездесуге «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында білім алған түлектер және түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастар қатысты.
Кездесу жүргізушілері - айтыскер Мұхтар Ниязов пен Жастар ресурстық орталығының «Орталық студия» жобасының жүргізушісі Бағлан Қалиев.
Аймақ басшысы облыстың дамуы туралы баяндап, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, ақыл-кеңестерін де айтты.
Шара соңында жыршы Марат Сүгірбай арнауын айтып, сондай-ақ, аймақ басшысы домбыра шертіп, сыр жастарына сәттілік тіледі.
Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді.
Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Сырдарияның сол жағалауында жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізілуде.