пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

Қызылорда облысындағы халық саны 1,4 пайызға өсті

2019 жылдың 1 ақпанына Қызылорда облысындағы халық саны 795,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 352,5 мың (44,3%), ауылдықтар – 442,8 мың адамды (55,7%) құрады. 2018 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда халық саны 11,1 мың адамға немесе 1,4% өсті.

Фото взято с сайта aqmeshit-aptalygy.kz
Фото взято с сайта aqmeshit-aptalygy.kz

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2019 жылғы қаңтарында туылғандар саны 1655 адамды құрады, бұл 2018 жылдың қаңтарына қарағанда 2,1% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 24,33 туылғандарды құрады.

2019 жылғы қаңтарындағы облыс халқының табиғи өсімі 2018 жылғы қаңтарымен салыстырғанда 65 адамға немесе 5,0% кеміп, 1240 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,23 адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 415 адамды құрады, бұл 2018 жылғы қаңтарына қарағанда 7,2% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 6,10 қайтыс болғандарды құрады. 2019 жылғы қаңтарда облыста 1 жасқа дейінгі 15 нәресте өлімі тіркелді. 2018 жылғы қаңтарымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 11,7% азайған. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,06% құрады.

Алдын-ала алынған деректер бойынша 2019 жылғы қаңтардағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 3426 адам кетіп, облысқа 3304 адам келді. 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 7,8%, ал облыстан кеткендер саны 9,4%  азайған.

Алыс және жақын шет елдерден 1 адам  (2018 жылғы қаңтарында – 2 адам), республиканың басқа облыстарынан 840 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде  780 адам келген болатын. 

Облыстан 955 адам немесе жалпы көлемнің 27,8% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2018 жылғы қаңтарында тиісінше 983 адам немесе 25,9% кеткен болатын).

Алыс және жақын шет елдерге 8 адам, ал 2018 жылдың қаңтарында 1 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2019 жылдың қаңтарында 115 адамға, 2018 жылғы қаңтарында 203 адамға кему қалыптасқан.

Облыстың 2463 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2018 жылғы қаңтарында 2800 адам).

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: