пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Қызылордада ұлттық республикалық көрме өтуде

Бүгін Қызылорда қаласында орналасқан «ARAY CITY MALL»ойын-сауық кешенінде «Қобыз үні» атты ұлттық республикалық көрме өтуде.

Шара Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ «QOLÓNER» ұлттық нақыш орталығы мен «ARAY CITY MALL»ойын-сауық кешенімен бірлесе ұйымдастырылды. Көрменің негізгі бөлімі сағат 10.00-13.00 аралығында өтсе, 14.00-22.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді. Республикалық көрмеде ағаш шеберлері, зергерлер, әр түрлі бағыттағы қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылды.Әр облыстан келген шеберлер өз жұмыстарын таныстырып, пікірлерін білдірді.

«Бүгінгі шара қазақтың ертеден бергі Амал мерекесімен сәйкес келіп отыр. Көрмеге өзімнің ши тоқымадан жасалған туындыларымды алып келдім. Жұмыстарымда байқаған боларсыз, ертедегі ою-өрнектері қолданылған. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай озық дәстүрімізді қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастылған бұл шара біздер үшін үлкен қолдау. Осы қолөнер жұмысымен 15 жылдан бері айналысып келемін. Біздің мақсатымыз осы ұлттық бұйымдарымызды кейінгі ұрпаққа насихаттау», — деді қолөнер шебері Злиха Қалендер.

Өңірлер арасында тәжірибе алмасу, жаңа өндіріс көзін ашу мақсатында өткен шарада көрмеге қатысушы қолөнер шеберлері марапатталды. Көрме кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: