четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Қызылордалық медицина қызметкерлері кезектен тыс президент сайлауына қолдау білдірді

Медицина қызметкерлері және «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, Кезектен тыс президент сайлауына қолдау білдіру Акциясы өткізілді.

Акцияға 300 жуық медицина қызметкерлері қатысып, азаматтық көзқарастарын білдірді. Шарада облыстық маслихат депутаты,  облыстық көп бейінді аурухана бас дәрігері  Н.Әмитов сөз сөйлеп, еліміздегі саяси оқиғаға байланысты және Тұңғыш Президентіміз, Елбасы еңбегі туралы тоқталды.

Спикер өз сөзінде, «Ғасырлық өлшеммен қарағанда аз ғана уақытқа баланатын  28 жыл ішінде, Елбасының басшылығымен елімізді әлемнің танығандығын білеміз.

Ол ең бірінші, Семей ядролық полигонын жапты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын,  аймақтық-Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын, Азия аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйым,  Еуразиялық Экононмикалық Одақ,   ТҮРКСОЙ ұйымын құруға күш салса, Сирияны апат алдына әкелген азамат соғысын  тоқтатуда Астана қаласын диалогтар жүргізу алаңы ретінде ұсынды.   Бұл  тарихта «Астана процесі» деген атауға ие болды.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ОБСЕ) төрағалыққа қол жеткізілсе,   Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына абыроймен төрағалық етті. 

Әлем елдерінің көбін толғандыратын мәселенің бірі-жиі қайталанатын әлемдік экономикалық және қаржы дағдарыстары. Елбасы осындай қиындықтарды жеңу және алдын алу үшін Астанада 2013 жылы 114 елдің өкілдері қатысқан Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция шақырып, танымал саясаткерлер мен ғалымдарды, сарапшыларды осы мәселені талқылауға, оны еңсерудің тиімді жолдарын табу жолында пікір алысуға ұйыстырды» -деп атап өтті.

Және, біздің дәрігерлеріміздің әлемнің қай елімен болса да тәжірибе алмасуына мүмкіндігі бар.

Мысалы; соңғы екі жыл ішінде, облыста мамандар білімін көтеруге бөлінетін қаржы 1,8 есеге өсті;

- облыс әкімі гранты негізінде 47 резидент, 30 студент оқып жатыр;

- 399 жас маман келіп, оның49%елді мекендерге жолданды;

- дәрігерлердің орташа жалақысы 18 пайызға көтерілді;

- қолданыстағы заңнамаларға сәйкес дәрігерлер әрбір 5 жыл сайын білімдерін көтеруге міндетті десек, жоспар 2,4 есеге артығымен орындалды.          

Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, оның ішінде олардың шеберліктерін жақын және алыс шетелде шыңдауға зор көңіл бөлінуде. 2018 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Корея мемлекетінде 7 маман біліктіліктерін арттырса, Қазан қаласында (Татарстан Республикасы, Ресей)  22  маман  білімдерін көтерді»- деп, сала жетістіктерін де атады.

Акция соңында, сала ардагерлері мен жас буын өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: