пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиялары Қызылорда облысының Қармақшы аудандарында жалғасты

Бүгін Қармақшы ауданында Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі өтуде. Аудан тұрғындары Елбасының еңбектері, жазбалары туралы көрмемен танысты. Сондай-ақ, жалпы жобасын мақсаты айтылды. Бүгінде орталықта 11 мыңнан астам экспонаттар сақтаулы. Соның 1000-нан астамын Сыр еліндегі көшпелі көрмеден тамашалауға болады.

Іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов ашты.

"Біздің көрмеміз 2-3 ай Сыр елінде жұмыс істейді. Облыстың тұрғындары қызығушылық танытады деп білемін. Көрме аясында ғалымдар, орталықтың мамандары экспонаттардың тарихын айтып, жақыннан таныстаратын болады. Сіздерге Елбасының Қызылорда еліне келген іссапарларының фотосын архивтен жинақтап алып келдік",- деді Ә. Рахимжанов.

 Экскурсия келушілеріне Н.Ә.Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі еңбек жолын баяндайтын сирек кездесетін бейнематериалдар, фотосуреттер, архивтік құжаттар және жәдігерлерден тұратын бірегей материалдар кешені ұсынылды.

«Тарихитаңдау. Бастау», «Тарихитаңдау. Өрлеу», «Елбасымәртебесі – ел мәртебесі» және «Атамекен» тақырыптықэкскурсиялары «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасы аясында өткізілді.

Бір күн бұрын, 5 сәуірдеШиелі ауданы Шиелі кенті Мәдениет үйінде Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясы өткен болатын.

Көшпелі тақырыптық экскурсиялар Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме ауқымды жобасының бір бөлігі болып табылады. Жобаның басты шарасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.А. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы бірізді толық рөлін көрсететін қор көрмесі.

Елбасы кітапханасы «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасын 2017 жылғы қарашадан бастап жүзеге асырып келеді. Осы уақыт аралығында көрме Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында ұйымдастырылды. Бүгінге дейін көрмені730 мыңнан астам адам тамашалап үлгерді.

Қазіргі кезде кітапхана деген ұғым тек кітаппен ғана шектеледі. Осы көрме арқылы Елбасының қолмен жазған хаттары, наградалары мынды құнды дүниелерді көруге болады. Еске сала кетейік, көшпелі көрменің салтанатты ашылуы 8 сәуір күні облыс орталығында өтеді. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0