суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Қызылордалық сайлаушылар үшін Call-орталық өз жұмысын бастады

Қызылордалық сайлаушылар үшін бүгіннен бастап Call-орталық пен «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» мәліметтік сервисі іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы Ғалымжан Рахметов айтты.

Фото взято с сайта inlytkarino.ru
Фото взято с сайта inlytkarino.ru

Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды.

Қазіргі таңда облыс аумағында барлығы 366 сайлау учаскесі құрылды және 2019 жылдың 1 қаңтарына 495 708 сайлаушылар саны айқындалды.

Сондықтан, жоғарыда айтқанымдай сайлаушылар тізімінің дұрыстығын қамтамасыз етуді тиянақты ұйымдастыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгіннен бастап «400-200» нөмірлі Call-орталығы және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» мәліметтік сервисі, яғни saylau.orda.gov.kz сайты іске қосылды.

Call-орталығы облыс әкімдігі ғимаратының 3-қабатында орналасқан және күнделікті үзіліссіз таңертеңгі 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Орталық қызметкерлері азаматтардың сайлаушылар тізіміне қатысты сұрақтарына жауап береді және тиісті ақпараттар ұсынады.

Ал, saylau.orda.gov.kz сайтын таңдау арқылы әрбір азамат өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін(ЖСН) енгізе отырып, «Өзіңді табу» батырмасымен қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын (картадан) көре алады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: