вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Қызылорда облысында жас педагогтардың форумы өтті

Жастар жылы аясында «Жастар жылы – жарқын болашаққа жаңа қадам» «Білімді жастар – жарқын болашаққа жаңа қадам» тақырыбында жас педагогтардың аудандық форумы өтті. Іс-шараны аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық білім бөлімі және аудандық кəсіподақ комитетінің ұйымдастырды.

Қасиетті Қармақшы ауданында бастау алған эстафета, сырлы Сырдарияда, облыс орталығы Қызылорда қаласында, шұрайлы Шиеліде, жалынды Жалағашта, жайсаң Жаңақорғанда, айдынды Аралдан өтіп, құтты мекен Қазалы ауданында жалғасын тауып отыр. Форумға аудан əкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Аудан мектептерінде жалпы 2387 мұғалім жұмыс жасаса, соның 511 ұстазы 29 жасқа дейінгі жас мамандар. Жас мамандар үлесі 21 пайызды құрайды. Былтырғы оқу жылында білім саласы бойынша түрлі 58 білімдік сайыстар мен байқаулар өткізіліп, сол байқауларда 17 жас маман жеңімпаз пен жүлдегер атанса, биылғы оқу жылында өткізілген 42 байқаулардан 15 жас маман жеңімпаз бен жүлдегер атанды»,— деген аудан әкімінің орынбасары бірқатар жас ұстаздарды аудан əкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Жас педагогтардың форумында Бүгінгі форум барысында, форумға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Байназарова Райкүл құттықтау сөз сөйлеп, 7 жас отбасына Нұр-Сұлтан қаласына туристік саяхатқа облыстық кəсіподақ ұйымының жолдамасын табыс етті.

Шара барысында «Zhas Project» жобасының иегері, «Серпін» жастар кеңесінің мүшесі Ержігітова Жанат, М.Горкий атындағы №16 мектеп-лицейдің жас маманы Шыңдалы Әкім сөз сөйлеп, өздерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, тəжірибелерімен бөлісті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: