суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
22oC
1xadv
×

Кәсібін дөңгелеткен батысқазақстандық жас фермер

Елбасымыздың жастарды ауыл шаруашылығы саласына үлес қосуға шақырған үндеуін қабыл алған батысқазақстандық жастардың бірі - Теміржан Сисенғалиев.

Бүгінде Тасқала ауданының Ақтау ауылдық округіне қарасты Қызылбас елді мекенінде шаруашылығын жүргізіп отырған ол егін егіп,  мал өсіріп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Оның айтуынша, әкесі 2000 жылдардан бастап шаруашылықпен айналыса бастаған. Артынан шаруа қожалығын құрып, егіс алқабын жасақтады, мал басын көбейтті. Жаңадан техникалар алды. Ол бала кезден әкесіне ілесіп, шаруаға бейімделе бастаған. 16 жасынан бастап техника тілін меңгеріп, егін егудің қыр-сырына ден қойған. Артынан әкесі дүние салды. Сол кезде әрі-сәрі күйде жүргенде Елбасының жастарды ауыл шаруашылығы саласына үлес қосуға шақырғанын естіп, әкесі бастаған істі дамытуға белшеше кіріседі.

 Бүгінде Теміржан жетекшілік ететін шаруашылық меншігінде 4500 гектар жер, бес К-700, үш ДТ-75 тракторлары, үш отандық және бір «Джон дир» комбайндары бар. Қазір 1200 гектар жерге күнбағыс, 1800 гектарға жаздық бидай себуде. Малға келсек, 100 бастай ірі қара, 200 бастай қой дала төсінде жайлып жүр. Ірі қарадан алынған төлдері бордақылауға қойылып, етке өткізіледі. Егер ісі осылай жүйелі түрде оңға басса, жас фермер алдағы уақытта тағы да 4000 га жер алуды көздеп отыр. Ол кезде қазіргідей 10 адамды (науқан уақтында 15 адам) емес, одан да көп кісіні жұмыспен қамту ойда бар.

«Таяуда біз АҚШ-тан «CASEI 450» маркалы резеңке табанды тракторымен егін егуге арналған заманауи кешенін сатып алдық. Басқару жүйесі толықтай автоматтандырылған техниканың резеңкеден жасалған шынжыр табаны топырақты мейлінше аз таптап, бидайдың кедергісіз өсуіне мүмкіндік береді. Тракторға тіркелетін құрылғы бір мезетте бірнеше жұмысты атқара алады. Яғни, жыртылған жерді қопсытып, дән сеуіп, артынан тырмалап өтеді. Бұл кешен күшімен тәулігіне 200-300 гектар жерге дән себуге болады. АҚШ-та жасалған тракторды «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы он жылға лизингке алдық. Биыл қыста қар қалың түскеннің арқасында жердің ылғалы жақсы. Оның үстіне мынадай заманауи техникамыз бар. Бұйыртса, солардың арқасында жақсы өнім алып, елдің ырыздығын артыруға үлесімізді қосамыз деген үміттеміз»,— дейді жас фермер.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0