суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Арыстағы жарылыстан Қызылордаға тоқтаған пойыз жолаушыларына көмек көрсетілді

Темір жол станцияларында оқиғаға орай кідірген 5 жолаушы пойызындағы 1200 жолаушыға Қызылорда қаласынан ыстық тамақ пен салқын сулар тегін таратылды және 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.

Екі жолаушы пойызы («Москва-Бішкек», «Атырау-Алматы») «Сексеуіл» станциясы арқылы Жезқазған бағытымен Алматы, Бішкек қалаларына сапарын жалғастырды.

Жолаушылар пойызының бағыты өзгеруіне байланысты «Сексеуіл» станциясынан Қызылорда, Түркістан облыстарына баратын 500 жолаушыға межеленген жерлеріне жетуі үшін арнайы 14 вагондық станцияаралық пойыз бен 6 автобус қызмет көрсетті.

Шиелі станциясынан 82 жолаушыны Алматы қаласына автобуспен, 22 азаматты Луговой, Тараз және Шымкент қалаларына шағын көліктермен жөнелту ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Түркістан облысына, Шымкент қаласы аралықтағы жолаушыларды тасымалдау үшін 5 үлкен сиымдылықты автобус жіберілді.

Облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылып, кез келген уақытта түрлі көмек көрсетуге дайын тұр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0