среда, 24 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Мұхиттың арғы жағындағы Ақ Жайықтың мұғалімі

Ақ Жайықтың Әсем Ізмұханова деген аруы қазіргі таңда АҚШ-тың Индиана университетінде шетелдіктерге қазақ тілінен сабақ беріп жүр.

Шыңғырлау ауданының Жаңакүш ауылында 1991 жылы дүниеге келген Әсем облысқа кеңнен тамыл білім ордасы - «Үміт» гимназиясын тәмамдады. Содан соң Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде жоғары білім алды. Артынан магистратурада оқыды. Еңбек жолын аудармашылықтан бастап, екі жылдан кейін өзі білім алған университетте ағылшын тілінің оқытушы қызметіне орналасты.

Осы білім ордасында еңбек етіп жүргенде халықаралық «William Fulbight FLTA» бағдарламасының байқауына қатысып, грант жеңімпазы атанып, АҚШ-тың Блунингтон қаласына жолдама алады. Сөйтіп Әсем Қайыржанқызы 50 мыңға жуық студенті бар Индиана университетінің оқытушысы атанды. Жалпы, бұл университет өз студенттеріне таңдау  үшін 60-тан астам тіл ұсынады екен. Студенттер мен магистранттар қызығушылығына, зерттеу жұмыстарына байланысты қалаған тілдерінде білім нәрімен сусындайды.

«Университет оқуға ұсынған тілдердің тізімін көргенде қатты таң қалдым. Себебі, әлемдік тілдерден бөлек, қазақ, ұйғыр, парсы т. б. тілдеріне қоса, мен мүлде естімеген Африка елдерінің түрлі тайпаларының тілдерін оқуға да болады екен. Унерверситеттің 1-2-курс магистранттарына алғаш сабақ берген кезде қиналғанын рас. Оған басты себеп - шетелдіктерге қазақ тілін үйретуге арналған оқулықтың болмауы. Өзімен бірге апарған біздің 5-9-сыныптардың қазақ тілі пәні оқулықтары олар үшін өте қиынға соқты. Екінші жағынан бұл оқулықтар мектеп жасына арналғандықтан, мұндағылардың жас ерекшеліктеріне сай келмеді. Себебі білім алушылардың алды жасы қырықққа жақындаған адамдар. Сондықтан көп уақтымды тапсырмалар дайындауға жұмсадым. Қазақстандық оқу бағдарламасында оқуға, жазуға, грамматикаға бөлек-бөлек мәтіндер берілсе, АҚШ оқу жүйесінде оның бәріне бір мәтін беріледі. Дегенмен кейін бұл әдістің тиімді нәтиже беретініне көз жеткіздім. Магистранттар қазақ тілін тез меңгере бастады. Тіпті Қазақстан туралы жаңалықтарды менен бұрын білетін болды. Мысалы, Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгергенін Кристина Палмер деген студентімнен естідім», — дейді Әсем Қайыржанқызы. 

Мұхиттың ар жағында мұғалима болып жүрген Ақ Жайықтың аруы көп кешікпей одағы қызметін тәмамдап, елге оралмақшы. Келген соң ол Алматыдағы ЖОО-да бұрынғы қызметін жалғастыратын болады.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0