вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Батысқазақстандық жас өрендер бас жүлдемен оралды

17-22 маусым күндері аралығында республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өткізілді. Батысқазақстандық өрендер жалпы командалық есепте 1 орынға ие болды. 

Фото zhaikpress.kz сайтынан алынды
Фото zhaikpress.kz сайтынан алынды

Облыс намысын қорғаған «Жігер» командасы додада топ жару үшін бар күшті жұмсаған. 3 ай дамылсыз дайындық, кермеге тартылу, 3 шақырым жүгіру және әскери жаттығулар жасау нәтижесін берген сияқты. 

Бүгінде оларды теміржол бекетінен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент пен облыстық білім басқармасының өкілдері және ата-аналары қарсы алуда.

«Өте қуаныштымыз. Әр түрлі сайыстардан сыңға түстік.

«Облысымыздың намысын қорғаған «Жігер» әскери-патриоттық клубының құрамында 442 жас бар. Солардың ішінен іріктеп, жарысқа 15 ұл-қызды алып бардық. Олар өздеріне артылған сенімді жүз пайыздай ақтады деп ойлаймын. Жалпы сайыстарда арқан тартудан, әскерилендірілген эстафетадан, асық атудан,газқағарды және плащ түріндегі әскери қорғаныс жиынтығын киюден бірінші орын алған болатынбыз. Қалған жарыстарда да жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Жалпы биылғы жарысқа 17 команда қатысқан еді. Солардан озып, біздің өрендеріміз бас жүлдені жеңіп шықты. Біз үшін қуантарлық жайт», — деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Эльдар Шынғалиев.

Аталған сайыс осымен 5-жыл қатарынан өтті. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұл шара жастар жылы аясында өткен болатын. Басты мақсаты – жастардың патриоттық рухын көтеру.

Қорғаныс саласының қызметкерлері байқаудың ауқымы жыл сайын кеңейіп жатқанын айтады.  Оған қатысуға іргедегі елдер де қызығушылық танытқан.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0