вторник, 30 апреля 2024 г.
icon
441.44
icon
473.09
icon
4.75
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Сыр өңірінде БАҚ өкілдері мерекесі аталып өтті

Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов  «бұқараның көзі, құлағы һәм үні» деп атаған қалам ұстаған қауымның кәсіби мерекесіне орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Қанатты қалам –2019» салтанатты шарасы болып өтті.

Билік пен бұқараның алтын көпіріне, дәнекер дәйегіне айналған бұқаралық ақпарат құралының қай қоғамда да жауапкершілік жүгі ауыр. Ұлтты ұйыстыруда, ел бірлігіне сызат түсірмеуге қалам қаруымен қызмет ететін журналист еңбегі өлшеусіз. Бүгінде облыста 100-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Уақыт сұранысына сай сапалы сайттардың қызметі медиа нарығында бәсекеге қабілетті қалып танытып келеді. Кәсіби мереке қарсаңында ақжолтай жаңалық – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың журналистердің кәсіби мерекесін ресми түрде бекітуге тапсырма бергені болды. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы ролін айқындай түсетін бастама.

Сыр өңірінде бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік тапсырыс арқылы қолдау көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2010 жылы мемлекеттік тапсырыс қаржысы 155 млн теңге болса, 2019 жылы 757 млн-нан асып отыр. Қаржылық қолдаудың 9 жылда 5 есеге өсуі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының ролі ерекше екендігін айшықтай түседі.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қалам ұстаған қауымды кәсіби мерекесімен құттықтады.Мерекелік шара аясында бірқатар журналистер облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, түрлі номинациялар бойынша арнайы марапаттармен марапатталды.

Жылдағы дәстүр бойынша С.Бермағанбетов атындағы жас журналистер байқауының жеңімпаздары анықталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0