вторник, 19 марта 2024 г.
icon
449.3
icon
489.69
icon
4.89
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
1oC
1xadv
×

БҚО ауыл жастарының бизнес жобаларына мән берілмек

Ақжайық ауданында жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын нығайту және болашақ өкілдерінің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытында көп мүмкіндіктер қарастырылған.

Айталық, 2017 жылдың желтоқсан айында облыс бойынша ең алғашқы болып осында, яғни ауданы орталығы – Чапаевта «Өркен» коворкинг орталығы ашылды. Былтырдан бастап Жаңабұлақ пен Ақжол ауылдарындағы жастар осындай орталықтың қызығын көре бастады. Бұл іс биыл да жалғасын таппақшы.

Бұқаралық спортқа келсек, соңғы жылдары жергілікті бюджет есебінен 10 ауылдық округте шағын спорт алаңдары бой көтерді. Биыл тағы да 9 ауылда шағын спорт алаңы салынып, ауыл жастарының игілігі үшін пайдалануға беру жоспарлануда. Осындай жұмыстардың нәтижесінде ауылдық округтердің спорт алаңдарымен қамтылуы 100%-ды құрамақшы.

«Ағымдағы жылы еліміздің 6 өңірінде жүзеге асқан «Zhas project» жобасына аудан бойынша 104 әлеуметтік жоба ұсынылды, яғни аудан бойынша 300-ден астам жас үміткер құжаттарын тапсырды. Жоба қорытындысында жас жерлестеріміздің 30 әлеуметтік жобасы (296 млн. теңге) жеңімпаз атанды. Бұл дегеніңіз, осы жобаны жүзеге асыратын 92 жастың кәсібін өркендетуге берілген үлкен мүмкіндік.

Қыркүйек айында аудан бойынша жастар арасында үздік бизнес-жобалар мен идеяларды анықтау мақсатында «The best start-up» ашық бизнес жобалар сайысын өткізбекпіз. Аудан көлемінде жеңімпаз деп танылған жобалар облыстық байқауларға жолданады. Үздік әрі аудан экономикасы үшін тиімде деген бизнес жобаларды қаржыландыру көзделуде»,— дейді Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0