пятница, 3 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Жұмылдыру мектебі: «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының екінші легі жұмыстарын бастады

Ақ Жайық өңірінің аумағын абаттандыру мен гүлдендіруге өз үлестерін қосып жүрген «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының екінші легі жұмыстарын бастады.

Осыдан бір ай бұрын, яғни XV еңбек маусымының ашылу салтанатында БҚО  жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошев атап өткендей, бұл бағдарлама студенттерді жұмыспен қамти отырып, өңір экологиясының ахуалын жақсартуда. Сөйтіп ол жастарды жарқын істерге жұмылдыру мектебіне айналды.

Биыл облыс аумағында «Жасыл ел» еңбек жасағында 1175 жас еңбек етуде. Олардың 780-і аудандарда жұмыс жасамақ.  Жастардың жалақысы 50-60 мың теңге шамасында болады. «Жасыл елдіктер» қатарында жұмыс жасайтын сарбаздар жылдағы дәстүр бойынша арнайы жұмыс киімімен (экипировкамен) қамтылды. Жастардың жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 8.00-ден кешкі 17.00-ге дейін. 

«Бүгінде еңбек сарбаздарының алғашқы легі өздерінің жұмысын аяқтап,  екінші лектің жастары жұмысқа кірісті.  Облысымыздың барлық ауданында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Жасыл елдік» сарбаздардың негізгі жұмысы – оталған орман-тоғайды қалпына келтіру, қоршаған ортаны сақтау, аумақтарды тазарту, абаттандыру», – дейді «Жасыл ел» ЖЕЖ БҚОФ жетекшісі Асылан Тәпішев.

Жасақ құрамында еңбек етіп жүрген студенттердің бірі Айкөркем Темірханқызының айтуынша, Елбасының бастамасымен құрылған бағдарлама жастарды Отанды, табиғатты сүюге баулып, тұрып жатқан ауылдың немесе қаланың дамуына, қоршаған ортаны жақсартуға аз да болса үлес қосуға мүмкіндік береді. «Жасақта жұмыс істеген өте қызық,-дейді ол.- Өзің қатарлы жастармен танысып, тіл табысасың. Адамдармен араласуды үйренесің. Сондықтан жұмыстың ауырлығы да білінбей кетеді».

Айта кетейік, «жасылелдіктермен» соңғы үш жылда облыс аумағында 38 000 түп тал-терек отырғызылып, 130 000 га астам жер көгалдандырылды.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0