пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

Қызылорда облысында кезекті балықшылар слеті өтті

Қызылорда облысында 2015 жылдан бастап дәстүрлі түрде Арал өңірі балықшыларының слеті өткізіліп келеді. Биылғы слет Балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің ресми бекітілуіне арналды. Іс-шараға балық шаруашылығы саласындағы республикалық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Ақтөбе мен Түркістан облыстарының делегациялары қатысуда.

12-13 шілде аралығында Арал өңірі балықшыларының дәстүрлі 5-ші слетінде облыстың балық шаруашылығы саласындағы жетістіктері қорытындыланып, алдағы жоспарлары анықталды.

Іс-шараға балық аулау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері – барлығы 500 жуық адам қатысты.

Слеттің бірінші күні «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Арал филиалы базасында «Тауарлық балық шаруашылықтарын дамытудың мүмкіндіктері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Екінші күні слетке қатысушылар балық өнімдері көрмесімен және аймақтың балық шаруашылығының даму тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысып, саланың үздіктері мен ардагерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

V балықшылар слетінің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Намаев облыстағы балық шаруашылығының дамуы туралы айтты.

Облыс әкімінің орынбасары қатысушыларды шілденің екінші жексенбісіне ресми бекітілген Балық шаруашылығы қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ, саласының үздіктері мен ардагерлері марапатталды.

Қызылорда облысы республикада балық шаруашылығы дамыған өңірлердің бірі.

Облыс балық аулау, өңдеу көлемі бойынша республикада 3- орында. 2019 жылдың 6 айында облыс бойынша 2397 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 53 млн.теңге қаржы түсті. Бүгінгі күні облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Балық өнімдерінің 13 түрі шығарылуда.

Соңғы 5 жылда балдық өнімдерінің экспорының көлемі 9 есеге артты. 2018 жылы облыстан 3804 тонна балық өнімдері экспортталса,осы жылдың 6 айында экспорт көлемі 2406,5 тоннаны құрады. Балық өнімдерін Ресей, Польша, Голландия, Украина, Әзірбайжан, Қытай елдеріне экспорттауда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: