пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-2oC
×

Қоржында 13 медаль: Батысқазақстандық ескекшілер табыспен оралды

Таяуда Жезқазғанда өткен «Қайық-2019» кубогінен жас батысқазақстандық ескекшілер табысты оралды.

1996 жылы туған және одан кіші ескекшілер қатысқан сайысқа еліміздің жеті өңірінен келген командалар құрамындағы 80-ге жуық жас спортшы шеберлік байқасты. Олар 200, 500, 1000 метр қашықтықтарда жекелей және жұптық бәсекеде сынға түсті.

ҚР байдарка және каноэ бойынша мемлекеттік бапкер Айдар Қартбаевтың айтуынша, бұл сайыс барысында жақсы өнер көрсеткен спортшылар назарға алынып, болашақта олардың еліміздің жастар құрамасының сапына ену мүмкіндіктері қарастырылмақшы. Сондай-ақ орын алатын қатерліктерге де мән беріліп, алдағы уақытта мұндай олқылықтарды болдырмау бағытында жұмыстану қарастырылған.

Кубок нәтижесінде батысқазақстандық ескекшілер қоржынға 13 медаль салды. Оның жартысына жуығы, яғни бес медаль Антонина Казанинаның еншісінде. Ол 3 алтын, 2 қола алса, Мария Бравковаға 2 алтын бұйырды. Борис Альхов 1 алтын мен 3 қола медальға қол жеткізсе, Ксеня Пережогина қос бірдей күміс алқа тақты.

«Осы спортпен айналыса бастағанына үш жылға жуық уақыт болған 16 жастар Борис Альховқа мамандар бұл жолы да жақсы баға берді. Бұйыртса, ол келер жылы жастар құрамасына алынады деп ойлаймын. Жалпы, Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервтерінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде оқып жатқан оның болашағынан көп үміт күтеміз», —дейді байдарка мен каноэ және академиялық есу бойынша БҚО федерациясының төрағасы Юрий Казанин.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0