пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-2oC
×

Батыс Қазақстан ауылдары жас мамандармен көрікті

Орал өңіріндегі аудан-ауылдарда мұғалім мен дәрігерді айтпағанда, агромамандарға да сұраныс жоғары. Мәселен, биыл облыс аумағында ашылатын фитосанитарлық және ветеринарлық бекеттерге 50-ге  жуық агроном мен ветеринар  мамандары қажет.

Таяуда Оралда өткен «URAISK JOB FAIR - 2019» жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесінде бұл жайт тағы да кеңінен көрініс тапты.

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысының уақытша міндетін атқарушы Альфия Жақсығалиеваның айтуынша, жастар ауылға барғысы келеді. Алайда ауылдық жерлерде жас мамандар үшін тиісті жағдай жасалмаған. Яғни жалақы аз, әлеуметтік пакет жөнді қарастырылмаған. Сол себепті орталық осынау мәселелерді жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесе шешуді қолға алды. Нәтиже жоқ емес. Мысалы үшін Ақжайық ауданындағы «Нұртілек» шаруа қожалығы өздеріне қажет мал мамандары үшін лайықты еңбекақы және өзге де жеңілдіктер қарастырып отыр. «Он екінші жылға кетті, бағып отырған малым асылданбайды,-дейді қожалық жетекшісі Нәсіпқали Қайырқомов.-Себебі, бұл мәселенің жай-жапсарын анықтап, шешімін табатын маман жоқ. Аудан, ауыл басшыларының кеңесімен жоғары білімді, оқып-тоқығаны бар жас мамандарды іздеп жәрменкеге арнайы келдім».

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың биылғы түлегі Жайнагүл Сайынова өткен жылдан бері осындай жәрменкелерге қатысып келе жатыр. Агроном қыз барынша жағдай жасалса, ауылға баруға қарсы емес. Жалпы мұндай жәрменкенің жастарға берері көп деп есептейді. Өйткені, өзімен бірге бітірген құрбы-құрдастарының көбі осындай жұмыспен қату шараларының арқасында тұрақты жұмысқа тұрған.

Ұйымдастырушылар тараптқан мәліметке қарағанда, бұл жолы жәрменкеде 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. 1000-ға жуық жас жұмыс сұрап келіп, түйіндемелерін тапсырды. 

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0